«Instagram» жаңалықтарыҚос жүлде
Орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндері бойынша дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында 04.10.22 ж. Жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі өтіп, нәтижесінде:1 орын - Дәрментай Айзат Ринатқызы;1 орын - Қыдырбаев Батырхан Каиырбайулы ие болды.Жетекшілері:Асылбаева Назгүл Мурзагалиевна;Аймагамбетова Нуршат Коптилеуовна;Альбетов Есиркенгалы Сагынбаевич;Акжигитова Тазахан Камбаровна;Давишева Калжан Тойлыбаевна;Талапты әріптестеріміз бен дарынды оқушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, алда өтетін облыстық кезеңге сәттілік тілейміз! ЛИЦЕЙ-ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ ОРДАСЫ
Оқу озаты-өз білімдерін, ұстаздарының біліктерін дәлелдеген мектеп мақтанышы.Лицейімізде талантты да талапты оқушыларды қолдау және салтанатты түрде құрмет көрсету мақсатында оқу озаттарын марапаттау рәсімі 8 қыркүйек күні саптық жиында өткізілді. Қызылтөбе лицейі директорының міндетін атқарушы Койбагарова Роза Абзаловна мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Казтуганова Гульнар Женисовна оқушылардың тынбай еңбектеніп, жыл бойы білім үрдісінде жақсы нәтижеге қол жеткізгендері үшін жылы лебіздерін білдіре отырып, үлгілі тәртібі және өте жақсы оқығаны үшін мақтау қағазымен марапаттады. Оқуда озат, ізденімпаз оқушылар білім көкжиегінде қанаттарыңыз талмасын! Білім алуға деген ынталарыңыз арта түсіп, саналы тәрбие, сапалы білім берген ұстаздарыңыздың мақтанышы болуларыңызды тоқтатпаңыздар! СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ! СҮЙІНШІ!
"Қызылтөбе лицейі" КММ-сі, республика бойынша ТОП мектептің алғашқы ондығына табан тіреді. БЕДЕЛІ БИІК БІЛІМ ОШАҒЫ
Дарындылықтың қайнар көзі мектеп. Ал, мектептегі оқушыны дамыту - ұстаз парызы. Өйткені, білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – білімді шәкірт. Қызылтөбе лицей ұжымы ауыл мектептері оқушыларының дарындылығын анықтау және жан-жақты дамуына қосқан еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғысына ие болды. Білім беру саласында биік белестерді бағындыруға белді бекем буған Қызылтөбе ауылындағы лицей ұжымының жұмысына сәттілік тілейміз! Ұстаздар қауымына ыстық ықыласымызды білдіре отырып, шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Утвержден перечень олимпиад, за победу в которых можно поступить в вуз на грант
Министр просвещения РК своим приказом утвердил перечень международных олимпиад и конкурсов исполнителей, спортивных соревнований, по которым победители и призеры последних трех лет зачисляются в организации высшего образования на обучение по образовательному гранту, сообщает Zakon.kz. Тағы мақалалар... |
МEKTEП ДИРЕКТОРЫБілім үздіктері«Алтын белгі» иегері" Үздік аттестат" иегеріХалықаралық ғылыми жобаның қатысушысы 125 ұпай иегеріМұғалім жетістігіБанерлер |
2013 © «Қызылтөбе лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Тел.: 8 (7292) 46-66-16, 46-50-58 Факс: 8 (7292) 46-50-34 E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. |
Әзірлеу және алып жүру: студия Gala |