01/04/2023   Сенбі
"Қызылтөбе лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайтына қош келдіңіздер!!! / Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селосы Уалиханов көшесі №1 / Тел: 8 (7292)46-43-30/ Факс: 8 (7292)46-43-30 / Электрондық почта: kzt_licei1@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 13 а, 103



astana

 



12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1

«Instagram» жаңалықтары

"ҮШТІЛДІЛІК-ЗАМАН ТАЛАБЫ"

Үш тілде білім беру жаңартылған білім мазмұнының негізгі обьектілеріне айналып келеді. Осы мақсатта, жаратылыстану пәні мұғалімдері арасында мұғалімдердің пәндік және коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, біліктілігін көрсете алатын, үштілділікпен сабақ беретін мұғалімдерді анықтау, қолдау, кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында аудандық үштілділік бойынша "Үздік видео сабақ» сырттай байқауы 29-наурыз күні өтіп, лицейіміздің биология пәні мұғалімі - Давишева Қалжан Тойлыбаевна қатысып, жүлделі І орынға ие болды.

Толығырақ...

Үш тілді меңгеру, білу - бұл жаһанданған әлемге жолдама деген сөз.

Үш тілді меңгеру, білу - бұл жаһанданған әлемге жолдама деген сөз.

Қызылтөбе лицейінің 2021-2022 оқу жылы жоспарына сәйкес, жаратылыстану пәні мұғалімдері өз сабағында ағылшын тілін қолдануы негізігі обьектілердің бірі болып келеді.

Осы мақсатта ағылшын тілі мұғалімдері - Р.Оразова, А.Джувбаева, К.Сәрсенбаева әріптестеріміздің 02.04.22ж. "Жылы жүрек- жақсы тілек" атты тақырыпта тренингтері өтті.

Мақсаты: Мұғалімдердің психологиялық көңіл- күйлерін көтеру, өздерінің бойындағы сенімділікті арттыру, ағылшын тілінің тиімді механизмдерін ұсыну.

Аталмыш тренингке, биология, физика және информатика мұғалімдері қатысып, жақсы әсер алды.

WhatsApp Image 2022-04-03 at 22.52.53 WhatsApp Image 2022-04-03 at 22.52.55 WhatsApp Image 2022-04-03 at 22.52.55 1

"БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҚСА, БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ!!!"

"БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ"

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінде Қызылтөбе лицейінің оқушылары топ жарды.

11-сынып оқушысы - Әділбек Абылай биология пәнінен жүлделі І орын.

Сонымен қатар, дарынды оқушымыз Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің грантына ие болды.

Жетекшісі - Байназарова Маншук Дүйсенбаевна;

10-сынып оқушысы - Орынбай Нұрболат физика пәнінен жүлделі І орын.

Жетекшісі - Альбетов Есиркенгалы Сагымбаевич;

10-сынып оқушысы - Омар Данияр география пәнінен жүлделі ІІ орын.

Жетекшісі - Байназаров Қуат.

10-сынып оқушысы - Жақсыбек Жаннұр орыс тілі пәнінен жүлделі ІІ орын.

Жетекшісі - Боранбаева Клара Нурказиевна.

9-сынып оқушысы- Абу Нұрдәулет химия пәнінен ІІІ орын иегері атанды.

Жетекшісі - Акжигитова Тазахан Камбаровна.

Талапты әріптестеріміз бен білімді оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Республикалық кезеңге сәттілік!

WhatsApp Image 2022-04-01 at 20.52.16

WhatsApp Image 2022-04-01 at 20.52.12 WhatsApp Image 2022-04-01 at 20.52.14 WhatsApp Image 2022-04-01 at 20.52.15

WhatsApp Image 2022-04-01 at 20.52.15 1 WhatsApp Image 2022-04-01 at 20.52.15 2

«Шешен кісі - сөз бастар"

«Шешен кісі - сөз бастар" деп, дана халқымыз тауып айтқан. Ғасырлардан бері бойымызға дарыған мәдени туындымыз - шешендік өнер, бүгін де дебаттық ойындар сөзімен алмасып келеді.

02.04.22ж. Қызылтөбе лицейінде 7-8 сынып оқушылары арасында лицейішілік дебат турнирі өтті. Нәтижесінде:
І- орын "Серілер" фракциясы;
ІІ- орын "Жеңімпаздар" фракциясы;
ІІІ - орын "Каспий толқындары" фракциясы;
Сонымен қатар, 8 "Б" сынып оқушысы - Жұмаш Малика "Ең үздік спикер", 7 "Ә" сынып оқушысы - Абиева Гауhар "Ең білімді спикер", 8 "Ә" сынып оқушысы - Тілес Еркебұлан "Үздік оратор" номинациясына ие болды.

Айта кетейік, барлығы - 12 команда қатысты. Оқушылардың дебат алаңында алғашқы қадамдары болса да, өздерін білімді, байыпты тұсынан көрсете білді.

WhatsApp Image 2022-04-02 at 22.47.00

"ШЕШЕННІҢ СӨЗІ - ОРТАҚ"

"ШЕШЕННІҢ СӨЗІ - ОРТАҚ"

Білім саласында болып жатқан үлкен төңкерістердің бірі - пікірсайыс турнирлерінің жылдамдықпен дамуы.
Осы мақсатта, 30.03.22ж. ауданымыздың 7-8 сынып оқушылары арасында 16 фракциядан тұратын тартысты пікірсайыс болды.

Нәтижесінде, Қызылтөбе лицейінің 7 "А" сынып оқушысы - Бахыт Дильназ және 7 "Б" сынып оқушысы - Тоқтарбай Әсем қатысып, командалық негізде ІІІ орынға ие болды.

Ойы жүйрік, дарынды оқушыларымыздың жетекшісі - Алданазарова Зәуреш Кеңесқызы.

WhatsApp Image 2022-03-31 at 02.04.11