«Instagram» жаңалықтары«Мамандығым – табысты өмірдің кілті»
Н.Жантурин атындағы музыкалық драма театрында мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру мақсатында «Мамандығым – табысты өмірдің кілті» тақырыбында кездесу болды.
Кездесуге 30 дан аса ЖОО өкілдері қатысты.
Балалар жылы аясында жастардың білім алуын қолдау мақсатында Атырау және Маңғыстау облысының түлектері үшін 10 000 қосымша грант бөлінген.
![]() ![]() СЫҢҒЫРЛА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!!!
«Жас түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі!» тақырыбындағы соңғы қоңырау салтанаты болып өтті.
Салтанатты шараның қонақтары:
Облыстық балалар және жасөспірімдер туризмі орталығы басшысының міндетін атқарушы Темірланова Аяжан Темірланқызы.,
Мұнайлы ауданы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары Ногаева Сара Ноғайқызы.,
Аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Қашқынбаева Жұлдыз Нұрлыбекқызы.,
Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы- Өтепқали Дәурен Талапұлы
Мерекелік шара ҚР гимні орындалып ашылды.
Алғашқы сөз лицей директоры Есен Орынбасарұлына берілді. Лицей директоры өз кезегінде барлық оқушылар мен ұстаздарды мерекемен құттықтап, түлектерге сәттілік тіледі.
Балалары республикалық додалардан жүлде алған ата-аналар «Алғыс хатпен» марапатталды.
Аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» математика пәнінің мұғалімі К.Ықылас, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З.Утегенова марапатталды.
Сонымен қатар математика пәнінің мұғалімі Дуисенбаев Бахытжан Генжебаевич лицейіміздің «Жыл мұғалімі-2022» атауына ие болды.
Шараның ІІ бөлімін лицей түлектері өздерінің ұстаздарға деген алғыстарын әсем әндермен жеткізіп, қоштасу вальсімен жалғады.
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() «Алтын белгіге» үміткер ҰБТ-да төмен балл алса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады» – БҒМ
Тіпті, мектеп басшылығы жұмыстан шығарылуы да мүмкін. Ұлттық бірыңғай тестілеуде нашар нәтиже көрсеткен «Алтын белгіге» үміткер оқушы білім алған мектеп басшылығы жұмыстан шығарылуы да мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Биыл Алтын белгіге» үміткер оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру нәтижесіне талдау жасалады. Бұл іске ұлттық тестілеу орталығы жауапты. Егер «Алтын белгіге» үмітті талапкер ҰБТ-дан төмен балл алып, шекті балды жинай алмаса, онда мектеп басшылығын жауапкершілікке тартамыз. «Алтын белгіге» үміткерлердің ҰБТ-ны тиісті деңгейде тапсыру мен академиялық адалдық приципі біздің бақылауымызда, - деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен аппарат жиынында. Осы орайда министр білім басқармалары мен бөлімдерінің басшыларына аталған мәселені назарға алуды ескертті. «Ертеңгі күні естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын. Осы мәселе бойынша мектептің басшылығы тікелей жауапкершілікке тартылады. Қажет жағдайда жұмыстан шығару әрекетіне дейін барамыз. Соған дайын болыңыздар», - дейді ол. Сондай-ақ, ведомство басшысы ҰБТ кезінде талапкерлерге тиісті жағдайдың жасалу керектігін еске салды. МАТЕМАТИКАЛЫҚ ПРОГРЕССИЯ
Мұнайлы аудандық білім бөлімінің оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен өткізілген "Математикалық прогрессия" жобасының қорытындысы белгілі болды. Нәтижесінде, 100 математика пәні мұғалімі бақ сынаған прогрессияда әріптесіміз Жангаева Балияш І орын иеленді.
Үздік танылып жүрген ауданымыздың 25 математика пәні мұғалімдері қатысқан прогрессияның "Супер кубок" бағытында лицейіміздің мұғалімдері Дуисенбаев Бақытжан Генжебаевич "Супер кубок" иегері атанса, Аймагамбетова Нұршат Көптілеуовна ІІІ орын иеленді.
Халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі олимпиадалардың шыңын бағындырып жүрген мамандығының мақтаныштары, лицейіміздің математика бағытында үздік екенін дәлелдей түсті десек артық болмас.
Білім ошағында балаларға есепке жүйрік болуды үйретіп, жетістікке жетелеп, өздері еңбек жолында топ жарып, үздік танылып жүрген әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз.
![]() ![]() 8 сынып оқушыларымен сынып жетекшілері
Бүгін 8-сыныптар қарттар үйінде болды. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауы қажет. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
![]() ![]() ![]() Тағы мақалалар... |
МEKTEП ДИРЕКТОРЫБілім үздіктері«Алтын белгі» иегері" Үздік аттестат" иегеріХалықаралық ғылыми жобаның қатысушысы 125 ұпай иегеріМұғалім жетістігіБанерлер |
2013 © «Қызылтөбе лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Тел.: 8 (7292) 46-66-16, 46-50-58 Факс: 8 (7292) 46-50-34 E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. |
Әзірлеу және алып жүру: студия Gala |