«Instagram» жаңалықтары"Менің қаламның картасы"
Жазғы мектеп іс-шара жоспарына сәйкес 8-сыныптар арасында "Туған өлкем" бағыты бойынша "Менің қаламның картасы" викторинасы тақырыбында сайыс сабақ өтті.
Сайыс екі бөлімнен тұрды.
І бөлім: "Менің қаламның викторинасы" тақырыбында әр топ 10 сұраққа жауап беріп, толық жауап берген топ 5 ұпаймен бағаланды.
ІІ бөлім: Маңғыстау облысының аудандары мен орталықтарын картаға түсіру. Толық жауап 5 ұпаймен бағаланды.
Нәтижесінде оқушылар өлкеміз бен қаламыз туралы толығырақ мәліметтерді игерді.
Сайыс сабақты өткізген тарих пәні мұғалімі: Тілеген Ү.Д.
@mangystau_education
@munaily_bilim
@munaily_adistemelik
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық мұражайына онлайн саяхат
Жазғы мектеп іс-шара жоспарына сәйкес оқушылар Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық мұражайына онлайн саяхат жасап, ондағы экспонаттармен танысты, қазақ тарихына, өнеріне қатысты мұралар арқылы ел тарихымен тереңірек танысты.
Сәт сапар жас түлек 2022!
"Қызылтөбе лицейі" КММ 17.06.2022ж. күні бітіруші түлектерге аттестат тапсыру жиыны өтті. 2021 - 2022 оқу жылында 51 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер 5 түлек, «Үздік аттестат» үміткері - 3 түлегіміз бар. Алдағы уақытта барлық түлектеріміз Ұлттық бірыңғай тестілеуден лицейіміздің үмітін ақтайды деген сенімдеміз. Мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз!
Әрқашан сәтті жол болсын!
Сапарларыңыз оң болсын!
“Отбасы- өмір аясы”
Біз өмір сүріп отырған қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мен мазмұны мүлде басқа жаңа дәуір табалдырығына ену қазіргі заман жастарынан ептілікті, шығармашылықты және жоғары деңгейде ойлай алатын ерекше ой қызметін талап етеді. Міне, осындай заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеп шығару міндеті мектепке жүктеліп отыр. Мектеп білім ошағы болса, отбасы - тәрбие ортасы.
Осы мақсатқа сәйкес 10-сынып оқушылары арасында “Отбасы- өмір аясы” тақырыбында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа үш команда:
“ Жанұя”, “Шаңырақ”, “Алтын ұя” қатысты.
Сайыс 5 турдан тұрды. Олар:
1 - тур: Бәйге
2 - ші тур: Полиглот
3 - ші тур: Эрудит
4 - ші тур: Не? Қайда? Қашан?
5 - ші тур: Жорға
Сайысты қортындысы бойынша:
1-орын “Алтын ұя” тобы
2-орын “ Жанұя” тобы
3-орын “ Шаңырақ” тобы
Жеңімпаз тоб сыйлықтармен марапатталды.
Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нургалиева Нуржамал.
"Отбасындағы қолайсыздық - құқық бұзушылықтың негізгі себебі"
Мақсаты: Жасөспірімдердің девианттық мінез - құлық көрсетуіне әкеліп соғатын отбасылық қолайсыздығының әлеуметтік - психологиялық ерекшеліктерін анықтау, алдын алу.
7-сынып оқушылары мен ата-аналар бірлесіп, ортақ мәселеге өз пікірлерін ортаға салды.
Кей ата - аналар өз балаларының тәрбиесіне мән бермей, жұмыс бастылыққа салынады да, кейін көмекке кімге жүгінерін де білмейді. Мектеппен байланыс жасауға уақыты болмайды. Содан кейін ата - ана өз міндеттерін орындау барысында жіберілген кемшілігін қоғамға және білім беру мекемелеріне арта салады.
Негізі психологиялық ахуал отбасына байланысты екенін ата - аналар түсіне білсе, “әттеген - ай” деген жағдайлар аз болар ма еді?!
Тағы мақалалар... |
МEKTEП ДИРЕКТОРЫБілім үздіктері«Алтын белгі» иегері" Үздік аттестат" иегеріХалықаралық ғылыми жобаның қатысушысы 125 ұпай иегеріМұғалім жетістігіБанерлер |
2013 © «Қызылтөбе лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Тел.: 8 (7292) 46-66-16, 46-50-58 Факс: 8 (7292) 46-50-34 E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. |
Әзірлеу және алып жүру: студия Gala |