10/06/2023   Сенбі
"Қызылтөбе лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайтына қош келдіңіздер!!! / Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селосы Уалиханов көшесі №1 / Тел: 8 (7292)46-43-30/ Факс: 8 (7292)46-43-30 / Электрондық почта: kzt_licei1@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 13 а, 103



astana

 



12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1

ЛИЦЕЙ ЕРЕЖЕСІ

Бiлiм және ғылым Министрлiгінің 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 708 бұйрығымен6 қосымша Қазақстан Республикасы лицейлерiнiң қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕЛЕР

1. Жалпы ереже
1. Лицей - зердесi жоғары оқушыларды кәсiби бағытта оқытатын, негiзгi жалпы бiлiм беретiн және қосымша бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыратын орта бiлiм беретiн оқу орындарының бiрi.
2. Лицейдiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
1) кәсiптiк білiм беру бағдарламаларын таңдай бiлетiн және игеруге даяр, қоғам өмiрiне бейiмделген, жоғары деңгейдегi мәдениеттi интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру;
2) өте қабiлеттi және дайындығы мол оқушылардың жалпы орта бiлiм алуына тиiмдi жағдайлар жасау;
3) бағдарлы пәндерден оқушылардың жоғары дайындығын жасау;
4) пәндердi тереңдетiп оқытуды таңдаудың өрiсiн кеңейту және оқушыларды бағдарына сәйкес жоғары оқу орнына түсiрулерiне дайындау мақсатында бағдарлап оқытуды жүзеге асыру;
5) жеке тұлғаның шығармашылық күш-қуатын дамыту мен интеллектуалдық жағынан жоғары дамыта тәрбиелеуге қолайлы жағдайлар жасау.
3. Лицей 10-11 сыныптар құрамында ұйымдастырылады және өзiнiң iс-әрекетiн Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңының негiзiнде және осы Ереже мен лицейдiң Жарғысына сүйене отырып атқарады. Барлық лицейлер осы Ереженi меншiк түрiне қарамастан қолдануға міндетті.
4. Лицей өз бетiмен дербес немесе кәсiпке бейiмдейтiн пәнге сәйкес жоғарғы оқу орындарының жанынан жоғары дәрежедегi мамандармен, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк оқулықтармен материалдық және әлеуметтiк жағынан қамтамасыз етiлген жағдайда Қазақстан Республикасының тиiстi Заңдылықтарында белгiленген тәртiпте құрылады.
5. Лицей-оқушылардың, ата-аналардың, педагогтар қауымы алдында орта және жалпы бiлiм алу жөнiндегi конституциялық құқының жүзеге асуына, таңдап алған оқу түрiнiң оқушылардың жасы мен психологиялық-физиологиялық ерекшелiктерiне сай болуына, оқу-тәрбие iсiнiң мазмұны мен әдiс-тәсiлдерiнiң сапалы жүргiзiлуiне және өз мiндетi мен мақсатына сәйкес болуына жауапты.
6. Лицей заңды мекеме болып табылады. Өзiнiң аты мен Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген мөрi, ағымдағы және басқа да есепшоты болады.
7. Лицейдiң жарғысы оның кеңесiнде (педагогикалық кеңес) қабылданып, жергiлiктi жердiң атқару өкiметiнiң бiлiм беру басқармасының органдары арқылы бекiтiледi
8. Лицейдiң базасында ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстарды, жаңа типтi оқу-тәрбие ұйымдарының модельдерiн, қызметiн ұйымдастырудың құрылымы, мазмұны және түрлерiн тәжiрибелiк тексеру жүзеге асырылады.
9. Жергiлiктi жердiң басқару өкiметiнiң бейiмдiлiгiне сай жоғары және басқа да кәсiби оқу орындары, жеке адамдар мен заңды тұлғалар құрылтайшы бола алады.
10. Лицей мемлекеттiк аттестациядан бес жылда бiр рет өткiзiледi.

II. Лицейге оқушылар қабылдау және бiтiрту тәртiбi
11. Лицейге мекен-жайына қарамай, жалпы және орта бiлiмнiң негiзгi сатысын аяқтаған оқушылар конкурстық негiзде қабылданады.
12. Оқушыларды қабылдау, сыныптан-сыныпқа өткiзу лицейдiң кеңесi (педагогикалық кеңес) шешiмiмен үлгерiм нәтижесi бойынша рейтингiлiк баллмен жүргiзiледi.
13. Оқудан шығарылған оқушылар жалпы бiлiм беретiн мектептердiң сыныптарына, мектеп-лицейлер немесе жергiлiктi жердiң аудандық бiлiм беру бөлiмдерiнiң жалпы бiлiм беретiн - мектептерiне ауыстырылады.
14. Оқушыларды қабылдау, оларды сыныптан-сыныпқа өткiзу және оқудан шығару тәртiбi лицей жарғысына сәйкес жүргiзiледi.
15. Көшiру және бiтiру емтихандары Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлген "сыныптан-сыныпқа көшiру тәртiбi және аттестациялау жөнiндегi нұсқауға сәйкес" өткiзiледi.
16. Лицейдi бiтiрушілерге жалпы орта бiлiм туралы оқу орнының түрi көрсетiлген аттестаттар беріледi.
17. Лицейдi бiтiрушiлердi жоғары оқу орындарына қабылдау жоғары оқу орындары туралы Ережеге сәйкес реттеледi.

III. Оқу-тәрбие жұмыстары
18. Лицейдiң оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және оны басқару осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
19. Лицейдiң жеке оқу жоспарлары бiлiм беру ұйымдарының әкiмшiлiктерi тарапынан бекiтiледi.
20. Арнаулы курстың оқу бағдарламалары, бағдарлы оқыту жоғары бiлiм беру ұйымдарының сәйкес кафедраларымен келiсiледi.
21. Оқуда ғылыми-зерттеуге бейiмдiлiгiмен, өнертапқыштық немесе басқа шығармашылық қабiлетiмен жоғары нәтижелерге жеткен шәкiрттерге лицей кеңесiнiң шешiмiмен өз немесе жоғары оқу орындарының қорларынан, т.б. көздерден стипендия тағайындалуы мүмкiн.
22. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы қызметi клубтар, ғылыми қоғамдар, жоғарғы оқу орны зертханалары мен түрлі бiрлестiктерде өткiзiледi.
23. Лицей сыныптарында оқушылар саны 25 адамнан аспауы тиiс.
24. Кәсiпке бейiмдейтiн пәндерден дәрiс бергенде, зертханалық жұмыс жүргiзгенде, қазақ, орыс, шет тiлдерiнен, дене шынықтыру, информатика және есептегiш техника пәндерiн өткенде сынып екi шағын топқа бөлiнедi.
25. Оқу жоспары мен сабақ кестесiн құрастырған кезде жалпы бiлiм беретiн мектептердiң қызметiн ұйымдастыруда санитарлық нормалар мен ережелердi сақтау керек.
26. Лицей типтiк штат негiзiнде жасалған жеке штаттық кестемен жұмыс iстейдi.
27. Лицейдi басқару, құрамына жоғары оқу орнының өкiлдерi енгiзiлген лицейдiң кеңесi арқылы жүзеге асырылады.
28. Лицейдi тiкелей басқаруды бiлiм басқармасы тағайындаған лицейдiң бастығы атқарады. Мемлекеттiк емес лицейлердiң бастықтарын облыстық, Алматы, Астана қалалық бiлiм басқармалары тағайындайды.
29. Оқушыларды қабылдауда олардың дамуын бақылау және мiнез-құлқын қадағалау үшiн жылдық еңбекақы қорында қарастырылатын қаржы есебiнен психологиялық-талдау қызметi ұйымдастырылады.
30. Лицейдiң педагогикалық ұжымы конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Заңы және лицейдiң жарғысына сәйкес жинақталады.
31. Лицей оқушылары жыл сайын жан-жақты медициналық тексеруден өтедi.

IY. Лицейдiң құқықтық тәртiбi мен қаржылыққызметiн қамтамасыз ету
32. Лицейдi қаржыландыру Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына және басқа нормативтiк құжаттарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
33. Мемлекеттiк лицейдiң қаржы қоры төмендегiдей құралады:
1) мемлекеттiк бюджет (ассигнования) қаржысынан;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарнамаларынан;
3) бюджеттен тыс, сондай-ақ, басқа да ақылы қызмет көрсетуден, заңға қайшы келмейтiн кәсiпкерлiк қызметтерден.
34. Лицейлердiң педагогикалық қызметкерлерiне ғылыми атақ-дәрежесiне қарай педагогика ғылымдарының кандидатына бiр айлық еңбек ақының, ғылым докторларына екi айлық еңбек ақының ең төменгi (минимальный) шегiндегi мөлшерде үстеме ақы белгiленедi.
35. Лицей оқытушыларының нормативтiк апталық - оқу жүктемесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды.
36. Лицейге оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылған курстар мен факультатив сабақтар үшiн (әр сыныпқа 4 сағат) және үйiрмелер мен студиялар, ғылыми қоғамдар, т.б. ұйымдастыру үшiн әр сыныпқа 0,25 еңбек ақы мөлшерiнде сондай-ақ, жоғары дәрежелi арнайы дәрiстерге төлеу үшiн жылына 1500 сағат есебiнен бөлiнедi. Таңдап алынған факультатив сабақтары мен курстарда оқушылар саны 10-нан кем болмаған жағдайда жүргiзiледi.
37. Мемлекеттiк лицейлердегi ақылы бiлiм беру қызметтерi бюджеттен қаржыландырылатын негiзгі жалпы бiлiм беру қызметiнiң шеңберiнде жүргiзiлмейдi.

Y. Халықаралық ынтымақтастық
38. Лицейдiң:
1) бiлiм беру саласындағы, ғылымдағы, мәдениеттегi халықаралық iс-шараларға қатысуға;
2) шетелдiк бiлiм беру оқу орындарымен ынтымақтастыққа, оқытушылар мен оқушыларды алмастыруға келiсiм шарт жасау;
3) шетелдерге кетуге жолдама беру үшiн мұғалiмдер мен оқушыларды iрiктеудi лицей кеңесi, қолданыстағы заңдарға сәйкес бiрлескен ұйымдар құруға құқы бар.

YІ. Лицейдi қайта құру және тарату
39. Лицейдi қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жүргiзiледi.