01/12/2022   Бейсенбі
"Қызылтөбе лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайтына қош келдіңіздер!!! / Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селосы Уалиханов көшесі №1 / Тел: 8 (7292)46-43-30/ Факс: 8 (7292)46-43-30 / Электрондық почта: kzt_licei1@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 13 а, 103



astana

 



12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1

«Instagram» жаңалықтары

Инвестициялық жобалармен танысты

Экономиканың басты көзі – кәсіпкерлік десек, Мұнайлы ауданында белгілі бір кәсіп көзін тауып, оны ұршықша иіріп отырған, сондай-ақ таяу арада іске қосылғалы тұрған кәсіпкерлік нысандар да баршылық. Мемлекет те мұндай азаматтарға баса назар аударып, көмек қолын созудан жалтарған емес.


Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбасаров, Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Венера Мұстапаева, Мұнайлы ауданының әкімі Е.Күмісқалиев, Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы М.Жанжігітова аудандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және мәселелерімен танысты.
Атамекен ауылдық округінде орналасқан «Ясин» медициналық орталығы ЖШС-нің жұмысымен танысудан бастаған топ әрі қарай Басқұдық ауылындағы жылыжай кешеніне, жеке кәсіпкер «Сармурзинаның» жабық азық-түлік базарына және көкөніс сақтайтын қоймасына, Маңғыстау ауылындағы «Зерек» жеке меншік мектебіне бет бұрды. Жаңа мектеп ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосылады. Пайдалануға берілгеннен кейін 50 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін болады. Қазіргі таңда ғимарат дайын, жиһаздарын күтіп отыр.
Биылғы жаңа жоба - өңдеу өнеркәсібі саласындағы “KAZ MEL” кальций зауыты. Жоба құны 250 млн.теңгені құрайды. Әктас және доломит ұнын өндіру (кальций) қызметін көрсететін болады. Қуаттылығы күніне 250 тонна калъций өндіретін болады.
Кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Орынбасаров кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету керектігін айтты.