10/06/2023   Сенбі
"Қызылтөбе лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайтына қош келдіңіздер!!! / Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селосы Уалиханов көшесі №1 / Тел: 8 (7292)46-43-30/ Факс: 8 (7292)46-43-30 / Электрондық почта: kzt_licei1@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 13 а, 103



astana

 



12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1

Психологиялық қызмет

Психологиялық қызмет - адамдарға мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған арнайы қызмет жүйесі.
Психологиялық қызметтің негізгі міндеті – бұл мектепте қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал тудыру, сонымен қатар оқытушылар мен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету арқылы психологиялық денсаулығын сақтау. Психологиялық қызметтің маңызды міндеттері оқуға түскен сәттен бастап  өзіне және айналадағы әлемге қатысты тұтас көзқарасты қалыптастыру болып табылады. Өзін-өзі реттеу дағдыларын және жоғары эмоционалды тұрақтылықты дамыту бойынша жұмысты іске асырады.
Психологиялық қызмет өз жұмысын келесі бағыттар бойынша жүргізеді:
І. Психологиялық диагностикалық бағыты  - оқушылардың зияткерлік және тұлғалық даму көрсеткіштерін әлеуметтік және жас нормаларына сәйкес анықтауға бағытталған.
ІІ. Психологиялық кеңес беру бағыты - ата-аналарға, оқытушыларға және процестің басқа қатысушыларына психологиялық кеңес беру арқылы дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде көмек көрсету.
ІІІ. Психологиялық ағарту бағыты - мектеп қызметкерлері,  оқытушылар мен ата-аналардан тұратын нақты білім беру кеңістігінде дамитын оқушылардың  психикалық және психологиялық денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, алдын алуға бағытталған.
IV.  Түзету-дамытушылық бағыты - педагог- психологтардың, медициналық психологтардың, дәрігерлердің, әлеуметтік педагогтардың және басқа мамандардың бірлескен қызметі негізінде жасөспірім мен жас кезеңінде жеке тұлғаны қалыптастыру процесіне және оның жеке басының сақталуына белсенді әсер етуі.

Мұнайлы ауданы
«Қызылтөбе лицейі» КММ
2021-2022 оқу  жылына арналған педагог-психологтың  жылдық жұмыс жоспары

         І. Психологиялық диагностикалық бағыты


    №

Жұмыс мазмұны

Әдісі

Сынып

Жүргізілу уақыты

1

Г.Айзенк «Темперамент типін зерттеу» 

Тест

5-9 сынып

Қыркүйек

2

Г.Н. Казанцеваның «Өзін-өзі бағалау»

Тест

6-10 сынып

Қыркүйек

3

Н.Лусканов «Оқу мотивациясын анықтау»

сауалнама

5 сынып

Қыркүйек

4

«Зунг депрессия шкаласы»

Тест

6 сынып

Қазан

5

М.А.Кусаннова, П.Е.Жарылғасова  «Сіз қандай мұғалімсіз?»

Сауалнама

Педагогтар

Қазан

6

А.Н.Лутомкин «Кластың психологиялық климатын анықтау»

тест

6-9 сынып

Қазан

7

DASS шкаласы

сауалнама

7 сынып

Қараша

8

Э.Бэк депрессия шкаласы

сауалнама

8 сынып

Қараша

9

М.А.Кусаннова, П.Е.Жарылғасова (әдістемелік құралынан)  «Оқушының қоршаған ортамен қарым-қатынасы»

диагностикалық карта

5-9 сынып

Қараша

10

Е.А.Климов «Жекеленген диагностикалық сауалнама»  

сауалнама

7 сынып

Желтоқсан

11

Дж.Голланд сауалнамасы

сауалнама

8 сынып

Желтоқсан

12

 И.Йовайши «Кәсіби бейімділігін диагностикалау»

сауалнама

9 сынып

Желтоқсан

13

Әлеуметтік статусты және ұжымдық қалыптасуын анықтау «Социометрия» әдісі  

әдіс

5 сынып

Қаңтар

14

Білім сапасы

тест

5-11 сынып

Қаңтар

ІІ. Психологиялық кеңес беру бағыты


Жұмыс мазмұны

Әдісі

Сынып

Жүргізілу уақыты

1

5 сынып оқушыларының жаңа оқу жылында  бейімделуі

кеңес беру

5 сынып

Қыркүйек

2

«Мен саған сенемін» атты оқу мотивациясын жоғарылату және мазасыздық деңгейін төмендетуге арналған психологиялық жұмыстар жүргізу

психологиялық жұмыстар

11 сынып

Қажеттілігіне қарай

3

Мектептегі  «Жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту мақсатында жүргізілетін бағдарлама» барысында анықталған оқушылармен жұмыс, ата-анамен сұхбат

сұхбаттасу

7-8 сынып
Ата-ана

Қараша

4

Сынып жетекшілер, пән мұғалімдері ,ата-аналардың  сұранысына байланысты түрлі бағытта кеңеспен қамту.

кеңес  беру

5-11 сынып

Қажеттілігіне қарай

5

Кәсіптік  бағдар  бойынша  психологиялық  кеңес  беру  /презентация, видеоролик/ немесе жадынама дайындау.

кеңес  беру

9 сынып

Қажеттілігіне қарай

6

«Ерте жүктіліктің алдын алу»

мамандармен кеңес

8-11 сынып қыздары

Қараша

7

«Артық болмас білгенің»

кеңес беру

8-11 сынып қыздары

Наурыз

8

«Ашу-ызамен не істеу керек?»

Дәріс

11сынып

Сәуір

         

 

ІІІ. Психологиялық ағарту бағыты


Жұмыс мазмұны

Әдісі

Қатысушы

Уақыты

1

Жоғары сынып оқушыларын мазасыздықтан, күйзелістен арылту бағытында  «Үміт, сенім бізді алға жетелейді»

тренинг

11 сынып

Қазан

2

11-сынып оқушылармен қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Біз біргеміз»

тренинг

11 сынып

Қараша

3

«Жылы жүрек, жақсы тілек» психологиялық тренинг

психологиялық тренинг

қыздар

Қараша

4

«Мамандық таңдаудағы қателіктер мен қиындықтар»

психологиялық бағыт  беру

9 сынып

Желтоқсан

5

Олимпиадаға қатысатын оқушыларға психологиялық тұрғыдан  қолдау көрсету.

психологиялық тренинг

5-11 сынып

Қажеттілігіне қарай

6

«Жарқын жастық- баянды болашақ» атты түлектермен кездесу кеші

кездесу кеші

9-11 сынып

Қаңтар

7

Жоғары сынып оқушылардың көңіл күйін көтеру, қиыншылықты жеңуге кеңес беру  бағытында   «Понтомимика»

психологиялық тренинг

11 сынып

Ақпан

8

Ұжымға психологиялық қолдау көрсету

психологиялық тренинг

Педагогтар

Қажеттілігіне қарай

9

« Қызға қырық үйден тыйым»

қыздар жиналысы

5-11сынып

Ақпан

10

11-сынып оқушылармен қарым-қатынасты нығайту, өзіне деген сенімділікті арттыру мақсатында «Армандар орындалады»

тренинг-сабақ

11 сынып

Наурыз

11

«Оқушыларды ҰБТ-ге дайындығында қолдау көрсету»

пікір-алмасу

11 сынып, ата-аналар

Сәуір

12

Оқушының  өзіне деген сенімділігін арттыру, мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Мамандығым мерейім» психологиялық тренинг

психологиялық тренинг

11 сынып

Мамыр

13

«Көңіл күйіңді көтеріп,қуана біл»

Тренинг

8-сынып

Қажеттілігіне қарай

14

Психологиялық    қызметтің және  кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу» бағдарламасы бойынша  қорытынды есеп

Қорытынды есеп

 

Жыл соңы

IV.  Түзету-дамытушылық бағыты


Ж ұ м ы с   т ү р і

Жұмыс әдісі

Қатысушы

Уақыты

1

Әлеуметтік педагогпен бірлесе отырып сәтсіз отбасы балаларымен жұмыс жүргізу

База жасақтау

5-11 сынып

Жыл бойы

2

Педагогикалық-психологиялық  карта жасақтау

Диагностикалық карта

5-11сынып

Үнемі

3

«Сенім телефоны» және «Сенім жәшігі» бойынша арнайы жазылған жаднамалар онлайн режимінде  тарату

Жаднамалар тарату

5-11сынып

Үнемі

4

Әлеуметтік карта

База жасақтау

5-11 сынып

Жыл бойы

5

Сыныпта оқшауланған оқушылармен жеке жұмыс 

жеке жұмыс

5-11 сынып

сұраныс

6

Сынып жетекшілермен, мұғалімдердің ұсыныс, мәселелері  бойынша  сынып оқушылармен  топтық жұмыс 

топтық жұмыс

5-11 сынып

сұранысы бойынша

Лицей психологы:    Муханбет Альбина

17.01.22-1 17.01.22-2 17.01.22-3