01/04/2023   Сенбі
"Қызылтөбе лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайтына қош келдіңіздер!!! / Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селосы Уалиханов көшесі №1 / Тел: 8 (7292)46-43-30/ Факс: 8 (7292)46-43-30 / Электрондық почта: kzt_licei1@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 13 а, 103



astana

 



12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1

Темпераментіңді анықта

Мінез қарқының (темперамент) қандай ?

1.Сен саябақта серуендеп жүріп,орындыққа отырдың да,жаныңа затыңды елеусіз қоя салдың.Бір кезде біреу келіп отыра қалды.Сен қандай әрекет жасайсың?

а) « Көзің соқыр ма?» деп айқай саламын – 0;

б) Жақтырмаған сыңай танытып,сөзбен тиісемін – 3;

в) Орнынан тұруды өтінемін – 6;

2.Би кешіне барғалы жатыр едің,үй ішіндегілер «Әжең ауырып қалды,дәрі - дәрмек әкел » дейді.Сен не істейсің?

а) Амал жоқ,дәріханаға баруға тура кледі – 3;

б) Бәрі маған кедергі болады да жүреді деп,кәдімгідей ашуланамын – 6;

в) Жоқ,менің өз жоспарым бар соны орындауым керек – 0;

3.Сен өзіңе аса қажетті нәрсені сатып алып едің,ол абайсызда сынды да қалды.Сен не істейсің?

а) Жөнделетін нәрсе ғой жөндеп аламын – 6;

б) Қара бұлттай түнере қаламын – 0,

в) Затты аяққа тебемін – 3;

4.Баскетбол ойнап жүргенде,сен доп түсірудің оңтайлы әдісін қолдандың,бірақ сенің тобыңдағы досың ондай мүмкіндікті жіберіп қойды.Сен не істейсің ?

а) «Қолыңнан түк келмейді» - деп ренжимін – 0;

б) Жыным келеді,бірақ үндемеймін – 3;

в) Жәрәйді,біз бәріміз бірлесіп жеңеміз – 6;

5.Сен емтиханға жақсы – ақ дайындалдың,бірақ саған дәл жауабын білмейтін билет келді.Қиындықтан қалай шығасың?

а) Жауабын ойлануға тырысамын – 3;

б) Мүлдем жауап беруге бармаймын – 6;

в) Қатты еңсем түсері анық – 0;

6.Сен автобусқа жүгіріп келе жатыр едің,есік жабылып қалды.Сенің әрекетің қандай?

а) Жүргізушіге жұдырық түйемін – 6;

б) Иығымды бір көтеремін де келесісін күтемін – 0;

в) Жаяу жүріп кетуге де болады ғой,әрі денсаулыққа пайдалы – 3,

7.Сенің сүйіктің бір сағатқа кешігіп келеді.Ол келісімен сен оған қалай қарайсың?

а) Мен қобалжып едім,әйтеуір келдің ғой деп құшақ жаямын – 3;

б) Көңілсіз қарсы аламын – 0;

в) Сен менің көңілімді түсіріп тастадың деп,бұрылып кете беремін – 6;

8.Сен жаңа костюм-шалбарыңды киіп үйден шығып едің.Өтіп бара жатқан машина су шашыратып,киіміңді былғап кетті.Не істейсің?

а) Үйге киім ауыстыруға қайта барамын – 0;

б) Жерден тас ала салып,машинаның артқы терезесін сындырамын – 3;

в) Өзімнің күлкілі түріме қарап,еріксіз күлемін – 6;

Жинаған ұпай саны:

 

Кілт:

0 – 21 ұпай жинағандар.Сені түзету қиын.Эмоцияңды бақылай алмай,жиі шектен шығып кететінің сонша,өзіңе ғана емес,өзгелерге де кері әсер етесің.Өз- өзіңді ұстай біл.Эмоцияларға берілу тек әйел адамдарға ғана жарасымды.

22 – 32 ұпай жинағандар.Сен байсалды мінез – қарқынның адамысың,өмірдегі өзгерістерге тура қарап,оң әрекет жасауға тырысасың.Нағыз ер азаматтарға тән қасиет десекте болады.

33 – 48 ұпай жинағандар.Сенің мінезіңді адамдар флегматиктер деп атайды.Сенің біртоға қалпыңды өзгерту қиынға соғады.Айналаңдағылардың бәріне нем құрайлы қарайсың.Алай – да,әр адам,әсіресе қыздар өзіне зат сияқты емес,сезімі бар тірі адам деп түсіністікпен қарағанды қарайтынын ұмытпа.

Холерик

  1. Шапшаң эмоциялы
  2. Жылдам тез әсерленгіш
  3. Күйгелек шыдамсыз
  4. Көңіл күй тез өзгергіш
  5. Қарым- қатынаста тік аумалы- төкпелі
  6. Тұрақсыз, соқпа мінезді
  7. Белсенді пысық, шешім қабылдауға қабілетті
  8. Ашуланшақ
  9. Қимыл қозғалысы батыл
  10. Сөзі жылдам, энтонациясы толқымалы
  11. Іс- әрекеттерді атқаруға бейім
  12. Бастаған істі аяғына дейін жеткізеді.
  13. Сезімге берілгіш
  14. Жаңалыққа жаны құмар
  15. Тез ашуланады, ашуын ұзақ ұстайды
  16. Жетекші жұмыстарды ұнатады
  17. Ұйымдастырушылық қабілеті мол
  18. Белсенді әрекеттерді орындауды жақсы көреді

Сангвиник

  1.  Көңілді тез қозғалғыш
  2. Қуатты, іскер, белсенді
  3. Өзін көиеріп бағалауға бейім
  4. Жаңаны тез меңгереді, сұрақ қоюға жаны құмар
  5. Әсершіл, көңіл- күйі тез өзгереді
  6. Ұнатқан нәрсені елігіп әуестенеді, бірақ тез басылады
  7. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді
  8. Шапшаң де икемді, қозғалғыш, сергек
  9. Уәде береді, кейде орындай алмай қалады.
  10. Бір істен екінші іске көңілі тез ауысып кете алады
  11.  Қызыққан іске талабы көп, бірақ оп- оңай солғындап қала береді
  12. Бастаған ісіне тыңғылықтай болмай, жұмысы аяқсыз қалады
  13. Сөзі жылдам, анық, ым- ишара жағы басым
  14. Қарым- қатынасқа жақын, жаңа адамдармен араласуда өзін еркін ұстайды
  15. Тез ренжіп, тез тарайды
  16. Ісі жоқ кезде сылбыр күйге түседі
  17. Бір сарынды жұмыстарды жасауды қиынсынады
  18. Шешім қабылдауда асығыстық, шашыраңқылық көрсетеді

Флегматик

  1. Байсалды, салқынқанды
  2. Асықпай, баппен жүріп, тұрады
  3. Сақ, сенімді
  4. Сезімдерін сыртқа шығармайды
  5. Қызуланып желікпейді
  6. Бір сарынды монотонды сөйлейді
  7. Мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз
  8. Бастаған  істі  соңына дейін жеткізеді
  9. Қимылы баяу
  10. Кісімен араласуы мардымсыз
  11. Тиянақты, тұрақты
  12. Ұқыптылықты , тәртіптілікті жақсы көредеі
  13. Жаңа жағдайларға қиындықпен үйренеді
  14. Көрсе қызар емес
  15.  Мәселені тез шешуге, орындауға асықпайды
  16. Ашушаң емес
  17. Бос нәрселерге күшін сарқымайды
  18. Бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуы баяу

 

Меланхолик

  1. Ұялшақ, жасқаншақ
  2. Жаңа жағдайда өзін жоғалтады
  3. Бейтаныс адамдармен араласуда қиналады
  4. Өз мүмкіндігіне сенімі аз
  5. Көңілі көбіне жабыраңқы
  6. Ақырын сөйлейді, сөзі мәнерсіз
  7. Іске бірден кіріспейді, кіріссе аяқтап шығады
  8. Сыртқы көрінісі әлсіз
  9. Көпшілікте шеттеп жүреді
  10. Сезімтал, жаны нәзік
  11. Сәл нәрсеге ренжігіш, өкпелегіш
  12. Тұйық
  13. Әсерленгіш
  14. Жылауға бейім тұрады
  15. Тез шаршайды
  16. Сыртқы жағдайлардан үрейленгіш
  17. Өмірде болып жатқан оқиғаларды үлкен әсермен қабылдайды
  18. Көңілденуі қиын