01/04/2023   Сенбі
"Қызылтөбе лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайтына қош келдіңіздер!!! / Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селосы Уалиханов көшесі №1 / Тел: 8 (7292)46-43-30/ Факс: 8 (7292)46-43-30 / Электрондық почта: kzt_licei1@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 13 а, 103



astana

 



12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1

Ата-аналар мектебі

Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің атқаратын рөлі

Қоғамымыздың ілгері дамуының өзі ғылым мен білімге тікелей байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелген міндет өте ауыр», - деген болатын. Осы ғылым-білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. 
«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- дейді Мағжан Жұмабаев. Сонда сол халықтың қаны мен жанын, рухын бойына сіңіреді. 
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде бүгінгі ұрпақтың қоғамымыздағы жаңару процесін жүзеге асырудағы жүргізген жұмысы ұшан теңіз. Жеке ел болып дербес даму жолына түскен осы бастамамызды баянды етіп, нығайта түсуде жеткіншектерге жүктелер міндет те ерекше үлкен. Ал еңсе тіктеген Қазақстандай жас мемлекет үшін бұл міндет ауқымдала түспек. Өйткені Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі шын жанашыры да, арқа сүйері де осынау жас ұрпақ арасынан шықпақ. Демек, оларды лайықты ізбасар етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін білім ордаларындағы білім, тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып өсіру міндеті алда тұр. 
Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икем болса, бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім.
Соңғы жылдары жалпы білім беретін мектеп пен жалпыға бірдей орта білім беру ісін дамыту, жаңарту проблемаларының ауқымдылығы соншалық, оған жас ұрпаққа білім беру саласында жүрген азаматтармен қатар, ұлт тәрбиесіне бей-жай қарамайтын әрбір адам өз үлесін қосуда.
«Бітер істің басына жақсы келер қасына»,- демекші жас ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, іскер басшының жетекшілік етуімен ата-ана мен мектеп бірігіп, ынтымақтаса отырып, мектептегі тәрбие үйде жалғасын табатындай етіп ұйымдастыра білгеніміз жөн. 
Бұл жұмыстарды тиянақты атқаруда білім беру ұжымы өзіне мынадай міндеттер алып отыр: 
- Қазіргі білім беру, икем, дағды деңгейіне қойылатын талаптар негізінде мемлекеттік қалыпта жоғары білім беру;
- Мұғалім, қосымша білім беруші педагогтар психологиялық және білім берудің барлық мәселелерінің жеке шешімін табуды қамтамасыз ету;
- Санитарлық-гигиеналық қалыпты ескере отырып, белгіленген деңгейде білім берудің қажетті жағдайларын жасау;
- Оқушылардың білім сапасын көтеру, жеке қабілетін дамыту, жеке қызығушылық деңгейін көтеруде кең көлемде қосымша қызмет түрлерін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету, тағы сол сияқты міндеттерді қоя отырып, жұмыс істеу.
Бірақ тәрбие біржақты болса, онда нәтиже күткендегідей болмауы мүмкін. 
Сондықтан ата-аналардан өз міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарап, ұрпақ тәрбиесін тек мектепке ысырып қоймағандарын қалар едік. Бұл үшін төмендегідей міндеттерді еске салып қойсақ артық болмас деп ойлаймын. Олар: 
- Ата-ана мектеп ұжымымен тығыз байланыста болып, өз баласының әрекетін бақылауды қамтамасыз ету;
- Балаға жанұяда қалыпты жағдайдың сақталуын, оқуына қажетті материалды қамтамасыз ету;
-Мектеп жарғысын орындау;
- Баланың уақытында тұрып, кешікпей сабаққа келуін, себепсіз қалмауын, сырт көрінісін талап бойынша орындауды қамтамасыз ету.
Қазіргі заманымыз жақсарып, халықтың әл-аухаты артып келеді. Дегенмен де әртүрлі діни көзқарастағы адамдардың үгіт-насихатына балалардың еріп кетпеуін қадағалағанымыз жөн. 
Ата-аналар балаларды мүмкіндігінше көп уақыт уйде жалғыз қалдырмауға, немен шұғылданатынын, мектепке қалай барып келуін, күнде қанша сабақ болып, қаншада қайтатынын біліп отырулары керек.
Баланың сабақтан тыс уақытын қалай ұйымдастыру керек? Олардың кітап оқуына, мәдени тынығуына жағдай жасап көмектесу қажет. Осы орайда қаламыздағы мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінің алар орны ерекше екенін атап өткім келеді.
«Тәрбие отбасынан басталады» десек те, күйбең тіршілікке алданып жүріп, отбасындағы әрбір баланың әрекетін, қылықтарын бағалап, бағыт-бағдар беруге көңіл кейде аз бөлінеді. Әрбір ата-ана баласының ынтасын, қызығушылығын байқап, оның өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасап, ықпал етуі керек.
Мектеп пен ата-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаға тиісті көңіл бөле білсе, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.
Бала – Отанымыздың келешегі, біздің жалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі – баршамызға ортақ іс. Әр ата-ана өз баласын еліне, халқына шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені сау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді борышым деп есептеуі керек.