01/04/2023   Сенбі
"Қызылтөбе лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайтына қош келдіңіздер!!! / Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селосы Уалиханов көшесі №1 / Тел: 8 (7292)46-43-30/ Факс: 8 (7292)46-43-30 / Электрондық почта: kzt_licei1@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 13 а, 103



astana

 



12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1

Мектептегі басқару және сапалы жетекшілік ету критерийлері

Мектептегі басқару және сапалы жетекшілік ету критерийлері

 

КРИТЕРИЙЛЕРІ ЖАҚСЫ

Өлшенген   баға(базалық көрсеткіш=1)

 

ДЕСКРИПТОРЛАРЫ (Деңгейлердің сипаттамасы)

 

 

1.Өзін-өзі бағалау және талдау әрекеті

 

 

1,5

ҮЛГІЛІ :Табысқа бағытталған сыни  бағалау мен жұмыс мазмұны толық талдауға сәйкестігі бар.Жоспарлау стратегиясы қорытындысының өзгеру динамикасын  қадағалау. Нақты мақсаттар мен міндеттердің болуы.Білім алушылардың жеке көрсеткіштері мен педагогикалық ұжымның толық талдануы.

 

ЖАҚСЫ :Жұмыстың мазмұнын көрсететін өзін-өзі бағалауға ие, жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін көрсететін аналитикалық жұмыс, білім алушылар мен педагогикалық ұжымның жеке көрсеткіштерін есепке алу.

ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ :Жұмыстың мазмұнын бағалауға ие, аналитикалық жұмыс толық емес, білім алушылар мен педагогикалық ұжымның жеке көрсеткіштерін толық есепке алмау.

ТӨМЕН :Динамикасыз жоспарлау стратегиясы қорытындысының  аналитикалық жұмысының болмауы не жартылай болуы, өзін-өзі бағалау  мазмұнының объективсіз не толық болмауы.

 

 

2.Стратегиялық
даму мен ағымдағы әрекетті жоспарлау 

 

 

 

1,5

ҮЛГІЛІ:Биік мақсаттарға жетуге бағытталған көрсеткіштер негізінің даму стратегиясы мен іске асыру жолдарына ие болу; экономикалық және жеке көрсеткіштер есепке алынады; жұмыс жоспары білім саласындағы мемлекеттік саясат шараларының орындалуына бағытталған; даму стратегиясы мен жоспарды іске асырудың теориялық негізі бар.

ЖАҚСЫ :Экономикалық және жеке көрсеткіштер есепке алынған, даму стратегиясының жұмыс жоспары бар, жоспарлау білім саласындағы мемлекеттік саясат шараларының орындалуына бағытталған, даму бағытын анықтайды, жоспарлау мен стратегия барлық жұмыс спекторын қамтиды.

ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ :Жоспарлау мен стратегия барлық жұмыс спекторын қамтымайды, даму бағытын анықтамайды, мақсаттар шынайы мүмкіндіктерді есепке алмай құрылған.

ТӨМЕН :Жоспарлау мен стратегия шынайы мүмкіндіктерді есепке алмайды, жеке көрсеткіштерге негізделмеген, қолжетімді және нақты мақсаттар жоқ.

 

3.Функционалды
міндеттерді үйлестіру

 

 

1

ҮЛГІЛІ :Қызметтік міндеттер объективті түрде үлестіріледі, қызметкерлердің жеке және кәсіби шеберлігін ескере отырып, білім ұйымдастыру жұмысын қоса алғанда мамандардың өзара ауысуы және олардың резервте болуы, педагогтардың кәсіби өсуіне жағдай жасалған, қызметтік міндеттер меритократиялық принциппен үлестірілген.

ЖАҚСЫ :Қызметкерлердің жеке және кәсіби шеберлігін ескере отырып, білім ұйымының әрекеті қамтылған,  қызметтік міндеттер объективті түрде үлестіріледі.

ЖАҚСАТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ :Білім ұйымдастыру жұмысын толық қамтымай, қызметкерлердің жеке және кәсіби шеберліктерін есепке алмай, қызметтік міндеттерді субъективті түрде үлестіру.

ТӨМЕН :Білім ұйымының әркеті қамтылмаған, қызметкерлердің жеке және кәсіби шеберліктері ескерілмей функциаональдық міндеттер субъектівтік түрде үйлестірілген.

 

 

 

 

4. Мұғалімдерді
уәжге келтіру

 

 

 

 

1

ҮЛГІЛІ:Педагогтарды марапаттау және уәжге келтіру тиімді жүйе. Жағымды және жайлы еңбек ету шарттары жасалған. Осы жұмыс жүйесін барлық педагогикалық ұжым түсініп, қабылдау. Тәртіп бұзушылық жоқ, ұжымда жақсы психологиялық ахуал бар. Ұжым уәжге келтіру критерийлерін жасақтауға қатысады.

ЖАҚСЫ :Уәжге келтіру және көтермелеу жүйесі бар. Жайлы еңбек ету шарттары жасалған. Осы жүйені ұжымның бөлімдері түсініп, қабылдайды. Маңызсыз тәртіп бұзушылық бар. Психологиялық ахуал жалпы мағынада салауатты. Уәжге келтіру жүйесі ұйым әкімшілігімен жасақталған.

ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ :Уәжге келтіру жүйесі тұрақты емес. Ұжым ынталандыру механизмінің шартымен нашар ақпараттандырылған. Еңбек ету шарттары жақсаруды талап етеді. Моральдық-психологиялық ахуал тұрақты емес. Тәртіп жиі бұзылады. Уәжге келтіру жүйесі ұйым әкімшілігімен жасақталған.

ТӨМЕН :Нақты уәжге келтіру және ынталандыру жүйесі жоқ. Еңбек ету шарттары жайсыз. Моральдық-психологиялық ахуал жоқ. Тәртіп жиі бұзылады. Әкімшілігі уәжге келтіру және ынталандыру жүйесі үстінде жұмыс жүргізбейді.

 

 

 

5.Кәсіби дамуға
ынталандыру

 

 

 

1

ҮЛГІЛІ :Жұмыс нәтижесіне байланысты ынталандырудың бейімдік жүйесінің болуы. Педагогтардың кәсіби дамуына жағдай жасау. Тәлімгерлік жүйенің жасақталуы. Педагогдардың жаңа технологиялық инновацияларды меңгеруге ынталандыру.Өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік беру.Әдістемелік идеяларды ендіру мен апробациялау үшін зертханалардың болуы. Халықаралық  қарым-қатынас.

ЖАҚСЫ :Ынталандыру жүйесінің қызмет нәтижесіне қарай болуы.Педагагтардың кәсіби өсуіне жағдай жасау.Тәлімгерлік мектептерге қолдауды қамтамасыз ету.Әдістемелік идеялар банкінің болуы.Өзін өзі көрсетуге мүмкіндік беру, иновациялық үрдісін басқаруға қатысу.

ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ: Кәсіби  дамуды  уәжге келтіруге немқұрайлы қөзқарас. Кәсіби дамуды жариялауға қызығу, бірақ іске асыруға жолын таппау. Тәлімгер мектебі қағаз жүзінде ғана. Әдістемелік идеялар банкісі жоқ. Өз ойымен бөлісуге қолдау көрмейді.

ТӨМЕН:Кәсіби дамудың уәжге келтіру механизмдері жоқ. Тәлімгерлік мектеп жоқ. Әдістемелік идеялар банкісі жоқ. Өз ойымен бөлісу қолдау көрмейді.

 

6.Білім беру мен барлық білім аспектілерінің бағалау сапасының мониторингі

 

1,5

ҮЛГІЛІ :Педагогтар мен оқушылардың іс-әрекеттерін объективті бағалау және сапалы талдау көрсеткіштері мен тұрақты мониторингі. Туындаған мәселелерді шешу жолдарын таба білу. Қабылданған шешімдерді орындаудың тиімді мониторинг жүйесінің болуы. Оқушылар мен педагогтардың жұмысын бағалаудың, жасақталған рейтінгтік жүйесінің болуы.

ЖАҚСЫ :Жұмыс қорытындысын талдау және периодтық мониторинг. Қабылданған шешімдердің орындалуының бақылау жүйесінің болуы. Оқушылар мен педагогтардың жұмысын бағалаудың жүйесі жасақталған.

ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ: Педагогтардың кәсіби жұмысының  қорытындысы мен оқушы жетістіктерінің қағаз жүзіндегі мониторингі. Қабылданған шешімдердің төмен деңгейіндегі талдауы. Шешімдердің орындалуына нашар қадағалау. Педагогтардың жұмысын бағалау механизмінің болмауы.

ТӨМЕН :Педагогтардың кәсіби жетістіктері мен оқушылардың білім жетістіктері мониторингінің болмауы. Бағаланбай, талдау өткізілген шаралардың текғана санымен ауыстырылған. Шешімдердің орындалысына бақылау жоқ. Педагогтардың жұмысын бақылау механизмі жоқ.

 

 

 

7.Өкілдікті
үйлестіру және командалық жұмыс

 

 

 

1

ҮЛГІЛІ :Жас және тәжірибелі қызметкерлердің мүмкіндіктері мен қабілеттерін жақсы біледі.  Қызметкерлердің арасында өкілеттілікті тиімді үлестіреді, жұмыстың дұрыс бағытын көрсете біледі. Тапсырмалардың орындалысына дұрыс қадағалу жүргізеді. Топтың әр мүшесі өз міндеттері мен өкілеттілігін нақты біледі.

ЖАҚСЫ :Қызметкерлердің мүмкіндіктері мен қабілеттерін біледі. Қызметкерлер арасында өкілеттілікті шебер үлестіреді. Қойылған міндеттерді біледі және түсінеді. Тапсырмалардың орындалысын бақылайды. Топ мүшелері өздерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін біледі, бірақ кейде кеңеске мұқтаж.

 

ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ : Өз қызметкерлерінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін толық білмейді. Қызметкерлер арасында өкілеттілікті сенімсіз үлестіреді. Қойылған тапсырмаларды түсінуге көмек қажет етеді. Бақылау дағдылары төмен. Қызметкерлердің арасында міндеттер мен өкілеттілік тең үлестірілмеген.

ТӨМЕН :Өз қызметкерлерінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін білмейді. Қызметкерлердің арасында өкілеттілікті дұрыс үлестіруді білмейді. Тапсырмаларды орындауға жетік емес. Бақылау дағдылары меңгерілмеген. Қызметкерлер арасында міндеттер мен өкілеттіліктер үлестірілмеген.

 

 

8.Білім беру
Ұйымындағы моральдық-психологиялық ахуал

 

 

 

1

ҮЛГІЛІ :Ұжымда әкімшілік беделі жоғары. Әкімшілік ұжымның көзқарасы мен ұсыныстарын ескеріп шешім қабылдайды. Ұжымның әрбір мүшесі өз ойын еркін айтып салады.  Тәлімгерлік мектеп жақсы қалыптасқан. Ұжымда іскерлік жағдай жасалған. Ұжымда өз-ара жанашырлық жәнекөмектесудамыған. Жұмыс істеуге жайлы жағдай жасалған.

ЖАҚСЫ :  .Әкімшілік белгілі бір беделге ие. Әкімшілік қойылған міндеттерді дұрыс түсінеді, ойларын еркін айтып салуды ынталандырады (жұмысқа байланысты). Тәлімгерлік мектеп жақсы қалыптасқан, ұжым жұмыс істеуге бейім. Өзара жанашырлық сезімі бар.  Жұмыс істеуге жайлы жағдай жасауға тырысады.

ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ:Әкімшіліктің беделі төмен. Әкімшілік қойылған міндеттерді түсінеді, бірақ толық көлемінде іске асырмайды. Ұжымның барлық мұшелері өз ойларын айтып салалмайды. Ұжым жұмыс істеуге бейін, бірақ нәтижесі жоқ. Тәлімгерлер мектебі қағаз жүзінде ғана ұйымдастырылған. Іскерлік атмосферасы нашар қалыптасқан. Ұжым арасында алауыздық бар. Жұмыс істеуге нашар жағдай жасалған.

ТӨМЕН :Ұжымда әкімшілік беделге ие емес. Әкімшілік жетекшілік ету дағдыларын меңгермеген. Ұжым мүшелерінің ой-пікірлері есепке алынбайды. Жас мамандар өздерін ыңғайсыз сезінеді. Ұжымда іскерлік атмосферасы жоқ. Ауызбіршілік жоқ. Жұмыс істеуге жағдай жасалмаған.

 

 

 

9.Заңнаманың
Нормативтік талабын және ережелерін сақтау

 

 

 

 

1,5

ҮЛГІЛІ :Құқықтық ақпараттандыруға жұмысы дұрыс қойылған. Әкімшілік және мектеп ұжымы НҚА біледі және оның ережелері мен талаптарын басшылыққа алады.  Бұйрықтар және басқа да ішкі актілер сауатты безендірілген. Мектепте заңнама талаптары, санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы талаптар сақталған. Мектеп құжаттары нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі. Сабақ кестесі сауатты жасақталған. Есептік құжаттары талапқа сай жүргізіледі.

ЖАҚСЫ :Мектеп әкімшілігі НҚА біледі және оның талаптары мен мен ережелерін басшылыққа алады. Бұйрықтар мен басқа да ішкі актілер дұрыс безендірілген. Мектепте заңнама талаптары, санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы талаптары сақталады. Мектеп құжаттары нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі. Сабақ кестесі сауатты жасақталған. Есептік құжаттары талаптарға сәйкес жүргізіледі.

ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ :Әкімшілік білім саласындағы НҚА нашар біледі. Бұйрықтар мен басқа да ішкі актілер НҚА бұзушылығымен безендіріледі. Заңнамалық талаптары, санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы талаптары нашар сақталады. Мектеп құжаттарының жүргізілуі бақыланбайды. Сабақ кестесі қателіктірімен жасақталған. Есептік құжаттары қателіктерімен жүргізіледі.

ТӨМЕН: Мектеп әкімшілігі білім саласындағы НҚА білмейді. Бұйрықтар мен басқа да ішкі актілер заңнама талаптарына сәйкес емес. Мектепте заңнамалық талаптар, санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы талаптары сақталмайды. Мектептің құжаттары нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізілмейді. Сабақ кестесі дұрыс жасалмаған. Есептік құжаттары неқұрайлы жүргізіледі.

 

 

10.Мектептің
Міндеттері және көрінісі

 

 

 

1,5

ҮЛГІЛІ :Нақты тұжырымдалған міндеттердің болуы. Міндеттердің мектептің даму деңгейіне сай келуі. Педагогтардың, оқушылардың және ата-аналардың міндеттерді қалыптастыруға қатысуы. Ұжым мүшелерінің міндеттерді түсінуі. Міндеттерді ата-аналармен, оқушылармен, қоғаммен қолдауы. Міндеттердің мектеп дамуына бағытталуы.

ЖАҚСЫ :Тұжырымдалған міндеттердің болуы. Міндеттердің мектептің даму деңгейіне сай келуі. Міндеттер мектеп әкімшілігімен жасақталған. Ұжым мүшелерінің міндеттерді түсінуі. Міндеттерді ата-аналармен, оқушылармен, қоғаммен қолдауы. Міндеттердің мектеп дамуына бағытталуы.

ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ :Тұжырымдалған міндеттердің болуы. Міндеттер мектептің даму деңгейіне сай емес. Міндеттер мектеп әкімшілігімен жасақталған. Мектеп ұжымының барлық мүшелері міндеттерді түсіне бермейді. Қоғам, ата-аналар, оқушылар міндеттердің мазмұны туралы хабардар емес. Міндеттер мектеп дамуына бағытталмаған.

ТӨМЕН :Әкімшілік міндеттер мен даму стратегиясы арасындағы айырмашылықты толыққанды түсінбейді. Міндеттер мектеп әкімшілігімен жасақталған. Ұжым мүшелері мектептің міндеттерін түсінбейді. Қоғам, ата-аналар, оқушылар міндеттердің мазмұны туралы хабардар емес.

 

 

 

 

11.Мектептің
Ағымдағы қызметін ұйымдастыру 

 

 

 

 

1,5

ҮЛГІЛІ :Ағымдағы жұмысын ұйымдастыруда қызметтік өкілеттіліктің жауапты адамдарға нақты үлестірілуі. Ағымдағы жұмысты ұйымдастыруды реттеу үшін, ішкі актілерді тиімді жоспарлау (барлық бағыттағы жұмыс жоспары, ережелер, нұсқаулар, ішкі тәртіп ережесі, оқу процесінің кестесі, оқу сабақтарының кестесі, циклограммалар т.б.). НҚА мен жоспарлардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды нақты ұйымдастыру. Жағдайға байланысты жоспарланған құжаттарға тез арада түзетулер енгізу. Білім беру процесінің қатысушыларына бюджеттен тыс қаражаттың тарту жолымен жайлы жағдай жасау.

ЖАҚСЫ :Ағымдағы жұмысын ұйымдастыруда қызметтік өкілеттіліктің жауапты адамдарға үйлестірілуі және ағымдағы жұмысты ұйымдастыруды реттеу үшін, ішкі актілерді жоспарлау (барлық бағыттағы жұмыс жоспары, ережелер, нұсқаулар, ішкі тәртіп ережесі, оқу процесінің кестесі, оқу сабақтарының кестесі, циклограммалар т.б.). НҚА мен жоспарлардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды ұйымдастыру. Жағдайға байланысты жоспарланған құжаттарға түзетулер енгізу. Білім беру процесінің қатысушыларына бюджеттен тыс қаражаттың тарту жолымен жайлы жағдай жасау.

ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ : Ағымдағы жылдың жұмысын ұйымдастыруда қызметтік өкілеттіліктің жауапты адамдарға нақты үлестірілмеген. Ағымдағы жұмысты ұйымдастыруды реттеу үшін, құжаттарды жоспарлауда нақтылықтың болмауы (барлық бағыттағы жұмыс жоспары, ережелер, нұсқаулар, ішкі тәртіп ережесі, оқу процесінің кестесі, оқу сабақтарының кестесі, циклограммалар т.б.). НҚА мен жоспарлардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды нашар ұйымдастырылған. Жоспарланған құжаттарға уақытқа қарамастан түзетулердің енгізілуі. Оқу процесін ұйымдастыруда жайлы жағдайды жасақтау үшін бюджеттен тыс қаражаттар тартылмайды.

 

ТӨМЕН : Ағымдағы жылдың жұмысын ұйымдастыруда қызметтік өкілеттіліктің жауапты адамдарға нақты үлестірілмеген. Ағымдағы жұмысты ұйымдастыруды реттеу үшін, құжаттарды жоспарлауында нақтылықтың болмауы (барлық бағыттағы жұмыс жоспары, ережелер, нұсқаулар, ішкі тәртіп ережесі, оқу процесінің кестесі, оқу сабақтарының кестесі, циклограммалар т.б.). НҚА мен жоспарлардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды қағаз жүзінде жүргізілуі. Жағдайға байланысты жоспарланған құжаттарға  түзетулер енгізу жоқ. Оқу процесін ұйымдастыруда жайлы жағдайды жасақтау үшін бюджеттен тыс қаражаттар тартылмайды.

 

 

12.Ресурстардың
қолданылуы

 

 

1

ҮЛГІЛІ:Білім сапасын арттыруға ықпал ететін бар ресурстарды тиімді қолдану. Ресурстарды дамытуды  жоспарлау талдауға негізделген. Шарттардың өзгеруіне жедел қимылдау. Мүмкіндік жасауға болатын барлық ресурстарды дамытуға, соның ішінде МТБ-ны нығайтуға қаржы қаражатын мақсатты қолдану.  Педагогикалық ұжым тұрақты, әкімшілік материалдық игіліктер мен кәсіби өсудің жағдайын жасайды. Ресурстарды тиымды пайдалануда жүйелі бақылау жүргізіледі.

ЖАҚСЫ:Білім сапасын арттыруға ықпал ететін бар ресурстарды қолдану. Ресурстарды дамытуды  жоспарлау талдауға негізделген. Шарттардың өзгеруіне жедел қимылдау. Мүмкіндік жасауға болатын барлық ресурстарды дамытуға, соның ішінде МТБ-ны нығайтуға қаржы қаражатын мақсатты қолдану.   Педагогикалық ұжым тұрақты, әкімшілік материалдық игіліктер мен кәсіби өсудің жағдайын жасайды. Ресурстарды пайдалануда бақылау жүргізіледі.

ЖАҚСАРТУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ :Бар ресурстады қолдануда білім сапасын көтеруге себеп болмайды. Жоспарлау барысында болжау жоқ. Қаржы ресурстары тиімсіз пайдаланылады. Педагогикалық ұжым тұрақты емес, кадрлардың шығып кетуі бар.  Ресурстардың қолданылуына бақылау жүргізілмейді.

ТӨМЕН :Бар ресурстады қолдануда білім сапасын көтеруге себеп болмайды. Жоспарлау барысында болжау жоқ. Мектеп ресурстары нормативтік талаптарға сәйкес емес (МЖМББС, білікті талаптар, санитарлық ережелер). Қаржы ресурстары тиімсіз пайдаланылады. Педагогикалық ұжым тұрақты емес, кадрлардың шығып кетуі жоғары. Ресурстардың қолданылуына бақылау жүргізілмейді.