|
Қызықты логикалық тесттер
Қызықты логикалық есептер
Қазақ халқы ойға жүйрік қой. Осыны тағы бір дәлелдейікші. Оның үстіне логикалық есептерді шешкен басқа да пайдалы. Ендеше, іске сәт! Білетін есептерімізді ортаға салып, кімнің ойы жүйрік екенін байқайық бір.
1 |
Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? |
2 |
Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? |
3 |
4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? |
4 |
2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? |
5 |
Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? |
6 |
Бір айда 5 жексенбі бола ма? |
7 |
Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай? |
8 |
Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз? |
9 |
Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? |
10 |
Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? |
11 |
Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені? |
12 |
Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? |
13 |
Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады? |
14 |
Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? |
15 |
Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? |
16 |
Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады? |
17 |
Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді? |
18 |
Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде? |
19 |
Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? |
20 |
Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді? |
21 |
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? |
Қызықты логикалық сұрақтар
- Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса? Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
5. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар.
6. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан жәнеоған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
7. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 4 Құрастырған: Маженова Жаңагүл, Байназаров Талғат
8. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?
9. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
10. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
11. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
12. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
13. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
14. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
15. Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады?
Қызықты логикалық тесттер
1. Сіз Алматыдан Мәскеуге ұшатын ұшақты жүргізесіз дейік. Бұл ұшақтың жылдамдығы сағатына 150 шақырым болса, қарсы соғатын жел жылдамдығы сағатына 30 шақырымды құрайды. Жол ұзақтығы 550 шақырым. Ұшақ салонында барлығы 24 адам бар. Ұшақ жүргізушісі, стюардесса, және жолаушылар. Стюардессаның жасы 22-де. Жолаушылар жастары 7 мен 48-дің арасында. Сонда ұшқыштың жасы нешеде болуы керек?
2. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі - екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны?
3. 3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақта Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай?
4.Үш жолаушы келе жатырса керек. Алдарынан көл кездестіреді. бірінші жолаушы көріп көлді кешіп өтеді, екіншісі көреді бірақ кешпейді өтеді, ал үшіншісі көрмейда кешпейда өтеді. Сонда қалай өткен?
5. Бір қаз ұшып келе жатса, қарсы бір топ қаз кездеседі. 1 қаз сендер нешеусіңдер?-деп сұраса, аналар "Біздің санымызға тағы осынша қосса, сосын тағы жартысын қосса, сосын ширегін қосса, сосын сені қосса жүз болады деп жауап беріпті. Сонда неше қаз болғаны?
6. Бильярдтын көлемдері, түстері бірдей 9 шаригы бар. Оның 8-і 300 грамм да, біреуі 290 грамм. Таразыға екі рет қана тартып, жеңіл шарикты табыңыз.
7. Әдетте адамдар бас киімін кімнің алдыңда шешеді?
8. Сол жақтан оқысан да, оң жактан оқысан да бірдей сан қайсы?
|
"Үздік педагог-2020" төс белгісінің иегері, шебер-педагог, физика пәнінің мұғалімі
Сүлейменова Қарлығаш Амангелдіқызы
Білім үздіктері
11 «б» сынып оқушысы
Ораз Балнұр
11 «ә» сынып оқушысы
Нұрахмет Гүлбану
11 «ә» сынып оқушысы
Бердимұрат Айгерім
11 «а» сынып оқушысы
Оспан Майса
Халықаралық ғылыми жобаның қатысушысы 125 ұпай иегері
Дс |
Сс |
Ср |
Бс |
Жм |
Сн |
Жк |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
|