01/04/2023   Сенбі
"Қызылтөбе лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайтына қош келдіңіздер!!! / Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селосы Уалиханов көшесі №1 / Тел: 8 (7292)46-43-30/ Факс: 8 (7292)46-43-30 / Электрондық почта: kzt_licei1@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 13 а, 103



astana

 



12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1

Семинар, конференция

Педагогтардың ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шараларға қатысуы бойынша \семинар, конференция\ аудандық


Қатысушы педагог саны

Іс-шара түрі

Семинар

Конференция

1

12

12

-

облыстық


Қатысушы педагог саны

Іс-шара түрі

Семинар

Конференция

1

9

9

-

республикалық


Қатысушы педагог саны

Іс-шара түрі

Семинар

Конференция

1

10

10

-

 

Республикалық, облыстық, аудандық  семинарға, ғылыми-тәжірибелік және халықаралық конференцияға қатысуы

р/с

Мұғалімдердің аты-жөні

Семинар және конферециялар

Аудан

Облыс

Республика

1

Байназаров Қ

 

2015 жыл 22 сәуір күні «Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша облыстық семинарда баяндама жасады

 

2

Давишева Қ

Аудандық семинар сабақ берді
Тақырыбы: «Басаяқты ұлулар класы»
7 «А» сыныбы.

 

 

3

 

Медетова Айнұр

Аудандық «Құқықтық тәрбие беруде құқық пәнінің ролі»

 

 

4

 

Дарменова Гүлбаршын

«Өрлеу»
Қызжібек жыры немесе Кескентерек 

 

 

5

Асылбаева Назгүл

 

Лофимдік теңсіздіктерді шешу

 

 

6

Қодарова Самалхан Сүлейменова Қарлығаш
Альбетов Есіренғали

Геометрияда кездесетін қиын есептер

 

 

Педагогтардың  оқу жылына арналған \семинар, конференция\  қатысу жоспары

             Айлары

Бөлімдері

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Семинарлар ғылыми, практикалық конференциалар

 

 

Аудандық семинар (Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер)
Тақырыбы: «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» (Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер)

Дөңгелек  үстелТақырыбы: «Ақапарттық коммуникативтік технология негізінде оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың білім сапасына ықпалы»

1. Облыстық семинар ҰБТ

                         Айлары

Бөлімдері

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Семинарлар ғылыми, практикалық конференциалар.

 

Теориялық семинар Тақырыбы: «Тарих пәнін оқытуда жаңа технологиялар негізінде оқушының шығармашылығын дамыту»
Ж: Қоғамдық  пәндер бірлестігі

Практикалық семинар Тақырыбы: «Биология сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» Ж: жаратылыстану пәндер бірлестігі

Практикалық семинар Тақырыбы: «Коучинг бойынша жүргізілген жұмыстар»
Ж: Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер бірлестігі

Теориялық семинар 
Тақырыбы: «Лицейдің құжаттарын толтыру туралы»
Ж: Әкімшілік

Қызылтөбе лицейінде көшбасшылардың ұйымдастыруымен тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында өткен аудандық семинардың ақпарламасы
Қатысқандар: Білім беру ұйымдарының әдіскерлері, деңгейлік курстан өткен мұғалімдер мен деңгейлік курстан өтпеген пән мұғалімдері     
– барлығы   20 адам.  Мұнайлы аудандық білім үйлестіру орталығының әдіскері К.Мирова кіріспе сөз сөйлеп, өз сөзінде семинарға қатысушыларды семинардың мақсаты және бағдарламасымен таныстырып өтті. Қызылтөбе лицейінде №3 орта мектеппен біргелікте көшбасшылардың ұйымдастыруымен тәжірибе алмасу мақсатында аудандық семинар болып өтті. Семинардың негізгі мақсаты - І деңгей мұғалімдерінің көшбасшылық тәжірибелерін дамыту, жоғары нәтижелерге жету. Жеті модульді ықпалдастыра отырып, мұғалімнің жаңа технологияны сабақта қолдану шеберлігін көрсету мақсатында коучинг, ашық сабақ, понарамалық сабақ, шеберлік сыныбы, дөңгелек үстел өткізілді. Семинардың салтанатты ашылуында Мұнайлы аудандық білім үйлестіру орталығының әдіскері К.Мирова кіріспе сөз сөйлеп, өз сөзінде семинарға қатысушыларды семинардың мақсатымен  таныстырып  өтті. Семинар барысында Дарменова Гүлбаршын – Қызылтөбе лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. (Хожабаева Маралдың тәлімалушысы) «Кескентерек» немесе «Қыз Жібек» дастаны тақырыбында коучинг өткізді. Мұғалім сабақты Блум таксономиясы бойынша құрастырған. Мұғалімдерді зергерлік бұйымдар арқылы топқа бөлді. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызды. Ой қозғау мақсатында білу кезеңінде «Кескентерек деген не?» деген сұрақ қойылды. Түсіну кезеңінде «Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсетті. «Кескентеректі фильммен қалай байланыстырасыз?» деген сұраққа мұғалімдер жауап берді. Қолдану кезеңінде мәтінмен танысу мақсатында ДЖИГСО стратегиясын қолданды.Талдау кезеңінде РАФТ стратегиясын қолданды. Сабақта «Қыз Жібек» оқиғасының ашылмаған тарихи шындығы көрінді. Сабақ соңында мұғалімдерден кері байланыс алынды. Онда РАФТ стратегиясын тиімді пайдаланғандығын, Кескентерек туралы мәлімет алғандығын, коучинг сабақ жақсы деңгейде өткендігін айтылды.Давишева Қалжан - Қызылтөбе лицейінің биология пәнінің мұғалімі (Қыдырова Ғалияның тәлімалушысы). Ашық сабақтың тақырыбы «Басаяқтылар ұлулар класы». Мұғалім сабақты тілек айту психологиялық тренинг арқылы бастады. Суреттер арқылы 3 топқа бөлді. Қызығушылықты ояту мақсатында  «Ортадағы қаламсап», ДЖИКСО стратегиясын пайдаланды. Ой толғаныс кезеңінде Венн диаграммасы берілді. Үй тапсырмасына «Ұлулардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» тақырыбында эссе жазу тапсырылды. Топ басшысына бағалау парақшасы берілді. Өтілген материал бойынша кері байланыс жасап, сабақта алған көңіл күйлерін стикерлерге жазғызды. Семинарға қатысушы мұғалімдерге кері байланыс ұсынылды. Сабақ жоғары дәрежеде өткендігін айтылды. №3орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Шариғатова Жансая 8-сыныпқа Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Ілімге толса көкірек» толғауы тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде сыныпты 4 топқа бөлді. І топ –ақындар. ІІ топ – жазушылар. ІІІ топ –жыраулар. ІVтоп – би-шешендер. Ой қозғау мақсатында М. Сұлтанқожаұлы туралы бейнеролик көрсетілді.Толғауды талдады. Семаникалық карта, автор орындығы стратегиялары қолданылды. Ойтолғаныс кезеңінде Майлықожаның термесі тыңдалды. Кері байланысты Инсерт әдісі бойынша алды. Оқушыларды бағдаршам бойынша бағалады.  Семинарға қатысушы мұғалімдерге кері байланыс ұсынылды. Оқушылар тақырыпты ашып, сабаққа жақсы қатысқандығын, сабақ жақсы деңгейде өткендігін айтылды. №3орта мектептің информатика пәнінің, ІІ деңгейлік курсты бітірген мұғалімі -Шамгулова Меруерт  «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы мұғалімдердің шығармашылығын арттыру» тақырыбында коучинг өткізді. Ұйымдастыру сәтінде мұғалімдерге жағымды психологиялық ахуал туғызды. «Балауыз шам» берілді, оның жануын қадағалап, 5 минуттық эссе жазды. Балауыз шамды рөлдерге берді. 3 жастағы бала, 70 жастағы қария, мұғалім, дәрігер, философ, дін қызметкерлері мамандық иелеріне байланысты рөлдік ойын берілді. Логикалық тапсырма берілді. ДССБҚЖСЖ әріптеріне байланысты мағыналы сөз құрастыру тапсырмасы берілді. Эдвард де Бонаның «Ойлаудың 6 қалпағы» бойынша «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта аламыз ба?» тақырыбында ақ шляпа, қызыл шляпа, қара шляпа, сары шляпа, жасыл шляпа, көк шляпа рөлдік ойынға түсті. «Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді» тақырыбында тыңдалым тыңдалды. «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысы алынды. Мұғалімдер коучинг жоғары деңгейде өтті деп бағалады. №3орта мектептің бастауыш сыныптың қазақ тілі пәнінің, ІІІ деңгейлік курсты бітірген мұғалімі -Г.Көжекова. «Сөйлем» тақырыбында понарамалық сабақ өткізді. Оқушыларды 3 топқа бөлетіндігін айтты. (Хабарлы, сұраулы, лепті). Топтастыру стратегиясын пайдаланып, сөйлем туралы білгендерін топтастырып жазғандығын айтты. Постер қорғау тапсырмасы берілді. Топтық тапсырмада РАФТ-1, бес жолды өлең стратегияларын қолданғанды. Оқушыларға сабақ соңында кері байланыс ұсынылған. Семинарға қатысушы мұғалімдерге кері байланыс ұсынылды. Сабақ жақсы деп бағаланды. Асылбаева Назгүл – Қызылтөбе лицейінің математика пәнінің мұғалімі. «Логарифмдік тепе - теңдік» тақырыбында понарамалық сабақ өтті. Мұғалім ұйымдастыру кезеңін тиімді пайдалана білді. «Шаттық шеңбері» тренингі көрші тұрған оқушының есімінің басты әрпінен басталатын ізгі тілек айту арқылы бір-біріне жақсы тілек айтылды. Сыныпты санау арқылы топқа бөлді. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Дискуссиялық карта» стратегиясын пайдаланды. Оқушыларға бағалау парақшалары берілді.  Сабақ соңында оқушыларға кері байланыс ұсынылды. Оқушылар есептің шығару жолдарын түсінді. Семинарға қатысушы мұғалімдерге кері байланыс ұсынылды. Понарамалық сабақ жүйелі құрылған. Қ. Қамысбай - №3 орта мектептің І деңгейлі тарих пәнінің мұғалімі. «СТО арқылы оқушыларды шығармашылық белсенділігін дамыту» тақырыбында мұғалімдерге шеберлік сыныбын өткізді. Семинарға қатысушы мұғалімдерге кері байланыс ұсынылды. «Екі жақты, үш жақты күнделік» стратегиясын қолданды. Рөлдік ойын әдісін тиімді қолданды. Сабақ жақсы деңгейде өтті.
Қорыта айтқанда, мұғалімдер семинарда сыни тұрғыдан ойландыратын тапсырмаларды пайдаланып сабақ өтті. Нәтижесінде өлең жазуға бейім мұғалімдер мен оқушылар  іріктеліп шықты. Ең бастысы, мұғалімнің жоспары нақты, оқушыларға берілетін тапсырмалар жүйелі болса, оқушылардың білім деңгейі артатындығына, шығармашылық қабілеттері дамитындығына көзіміз жетті. Семинарға қатысушылар деңгейлік курстан өткен мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісіп, семинар жақсы деңгейде өткендігін айтты. Осындай семинарлар көп болса екен деген ұсыныстарын білдірді.

Физика пәні мұғалімі Альбетов Есіркенғалидің Қызылтөбе лицейінде өткен аудандық семинардағы ашық сабағы

image1image1

image1image1

Физика пәні мұғалімі Сүлейменова Қарлығаштың Қызылтөбе лицейінде өткен аудандық семинардағы ашық сабағы

image1image1

image1