|
«Жас мамандар» мектебі
Жас маманға жаднама
- Кабинетке қоңыраудан ерте келіп, сабаққа барлық нәрсе дайын екеніне, тақта таза екеніне, ОТҚ, көрнекі құралдардың дайындығына көз жеткізіңіз. Оқушылардың сізбен ұйымдасқан түрде сәлемдесуіне (тұрып) жол табыңыз. Сыныптағы оқушыларды түгелдеңіз, әсіресе- тәртіпсіз балаларды. Ұйымдастыру кезеңіне аз уақыт жұмсауға тырысыңыз.
- Журналды қоңыраудан бұрын бетін ашып қойыңыз. Кезекшілердіен сабаққа келмеген оқушыларды сұрап белгілеңіз.
- Сабақты ерекше жігермен бастаңыз. Сабақты әрбір оқушы бос болмайтындай етіп жүргізіңіз.Аз кідірістер, баяулық, жұмыссыздық, сабақта тәртіпсіздік туғызады.
- Оқушыларға материалды қызықты, мазмұнды өткізіп ойлауға еліктіріңіз. Нашар оқитын оқушыларға өз күшіне сенуге көмектесіңіз. Бүкіл сыныпты қадағалаңыз. Жұмыс тәртібін бұзғысы келген әрекеттің алдын алыңыз.
- Сабақ кезінде басқа істермен шұғылданғысы келген оқушыларды болдырмауға тырысыңыз.
- Білім бағасын іскерлікпен дәлелдеу арқылы бағалаңыз. Жоғары баға алу үшін не нәрсені көбірек білу керек екенін айтыңыз.
- Сабақты қоңыраумен бірге бітіріңіз. Кезекшілердің міндеттерін еске салыңыз.
- Артық айтылатын ескертуден сақ болыңыз.
- Оқушылардың тәртіпсіздігі кезінде басқалардың көмегін қажет етіңіз. Есте сақтаңыз: Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделі, сізге пайда келтірмейді, керісінше зиянын тигізеді. Ең жақсысы сыныптан қолдау күтіңіз.
Жас мамандардың алдына қойылатын көптеген тапсырмаларды өз бетінше орындалуына үлкен ізденіс пен ойлау, жігер мен ынта, күш қажет. Жас мамандардың оқу орнын бітіре салысымен барлық нәрсені біледі деуге болмайды, оның педагогика саласындағы алғашқы кезеңінде педагогикалық жүйе дамытылып отыру қажет. Осындай әдістемелік пәндік жүйеде жаңа жас маманға өз білімін жетілдіру үшін пәндік курстардың атқаратын рөлі өте маңызды. Жас мамандар ұстаздық қызметін алғашқы жылдардан-ақ, бар күш-жігерін тек қана жұмысқа арнау керек.
Жас маманға:
- Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, жүйелілігі, кешенді сипаты, шығармашылық сипаты, нақтылығы қажет.
- Әдістемелік жұмыспен мұғалімдер өз білімдерін жетілдірудің жалпы мектептік, топтық және ақылға қонымды үйлесімді, кешенді түрде жүзеге асырылуы ақыры жоғары нәтижелікке жеткізеді. Жас мұғалімдерді кәсіби шеберлікке баулу керек. Атап айтсақ жас маманға қойылатын талап:
- Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.
- Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс.
- Мұғалім- білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны балуға міндетті.
- Мұғалім педагогикалық қарым-қатынаста қызмет ететін тұлға болуы керек.
- Педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті.
Тәлімгерлік жұмыста жас мамандарымыздың Қазақстанымыздың мәртебесін асқақтататын білімді, парасатты, ақылды, мәдениетті, іскерлі мұғалім болуға баулу.
Қызылтөбе лицейінің 2020-2021 оқу жылындағы жас мамандар мен олардың тәлімгерлері туралы мәлімет
№
|
Жас маманның аты-жөні
|
Білімі
|
Оқытатын пәні
|
Еңбек өтілі
|
Тәлімгері
|
1
|
Нұрғалиева Нұржамал Нұрмаганбетқызы
|
Жоғары. КМТжИУ
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
5 жыл
|
Хожабаева М.К.
|
2
|
Давлетбаева Жамилия Оразбайқызы
|
Жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік МУ
|
Химия
|
4 жыл
|
Акжигитова Т.К.
|
3
|
Муханбет Альбина Муратқызы
|
Жоғары. КМТжИУ
|
Педогог-психолог
|
2 жыл
|
Давишева К.Т.
|
4
|
Боранбаева Клара Нурказыевна
|
Жоғары. М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан МУ
|
Орыс тілі мен әдебиеті
|
1 жыл
|
Максутова Р.З.
|
5
|
Дәуітова Динара Өсербайқызы
|
Жоғары. КМТжИУ
|
География
|
5 жыл
|
Байназарова М.Д.
|
6
|
Онгарбаева Рысбике Жонтореқызы
|
Жоғары. КМТжИУ
|
Дене шынықтыру
|
5 жыл
|
Аманшаева Г.К.
|
7
|
Елубаев Айдос Мұратұлы
|
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан МУ
|
Бастапқы әскери дайындық
|
1 жыл
|
Дуисенбаев Б.Г.
|
8
|
Алданазарова Зәуреш Кеңесқызы
|
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогкикалық институты
|
Тарих
|
1 жыл
|
Тілеген Ү.Д.
|
9
|
Муханова Айгерім
|
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
|
информатика
|
1 жыл 10 ай
|
Аймагамбетова Н.К.
|
10
|
Досекеев Ахмет Довлетбаевиич
|
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
|
Тарих
|
-
|
Тілеген Ү.Д.
|
11
|
Нөкер Асем Мұратқызы
|
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
|
Математика
|
-
|
Асылбаева Н.
|
12
|
Утегенова Замира Берикбайқызы
|
АНО ВО «Казанский институт финансов, экономики и информатики»
|
Орыс тілі мен әдебиеті
|
7 ай
|
Максутова Р.
|
13
|
Амангелдиев Изгалы Ордабаевич
|
«Қайнар» колледжі
|
Технология
|
-
|
Муратова Н.
|
14
|
Жомарт Мөлдір Сәкенқызы
|
«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
|
информатика
|
-
|
Аймагамбетова Н.К.
|
15
|
Муратов Ерболат Ералиевич
|
«Болашақ» академиясы колледжі
|
Дене шынықтыру
|
7 ай
|
Муратова Н.
|
Жас маманмен жұмыс жоспары
Мақсаты: Жас маманның кәсіби шеберлігін қалыптастыра отырып, ізденімпаздыққа,
іскерлікке дағдыландыру
Міндеті:Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерінің сабақ барысында қолданылуын қадағалау
Сауалнама жүргізу арқылы, жұмыс қарқықындылығының динамикасын анықтап отыру
№
қ/с
|
айлар
|
1 апта
|
2 апта
|
3 апта
|
4 апта
|
|
|
|
|
1
|
қыркүйек
|
Жас маманмен сұхбаттасып «Мектептің жұмыс режимімен және ішкі тәртібімен таныстыру»
ҰМЖ және ҚМЖ құрастырылуы бойынша әдістемелік көмек беру
Mektep.edu платформасын жас мамандарға түсіндіру.
Аймагамбетова Нұршат
|
Лицей құжаттарын толтыру бойынша көмек беру
Жаңа оқу жылындағы
балдық жүйенің шкаласымен таныстыру
Қашықтықтан оқыту барысында сабақ жүргізуге нақты әдістемелік көмек беру
|
Жас маманға қысқа мерзімді жоспар жасауға көмек беру
Қашықтықтан оқыту барысында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану жолдарын бірлесе талқылау
Оқу тапсырмаларын дайындау тиімділігін үйрету
|
Жас маманнан сауалнама алу
Жұмыс барысында кездескен қиындықтарын анықтау арқылы кәсіби шебірлігінің деңгейін саралау.
Өзіндік даму тақырыбын анықтату
|
2
|
қазан
|
1 апта
|
2 апта
|
3 апта
|
4 апта
|
|
|
|
|
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары және
Kundelік,bilimland.kz
порталдарымен жұмыс жүргізу жолдарын талқылау
Жас маман сабағына
Whatsapр, ZOOM
арқылы қатысып
әдістемелік көмек беру
|
Жас маманмен:
«Оқушының
дәптерімен, күнделігімен жеке іс қағаздарымен» қашық-
тықтан оқыту барысында қалай жұмыс істеу қажет екенін талқылау. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерінің сабақ барысында қолданылуын саралау
|
БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын,
қорытынды шығару жолдарын,
бағалау шкаласын талқылау.
Портфолио-жетістіктер бастауы.
Презентация
(К. Сулейменова )
|
Жас маманға І тоқсандық қорытынды шығару бойынша, жиынтық бағалау қорытындысын жасау,есеп тапсыруға бағыт-бағдар беру
Жиынтық бағалауды жинақтап, оқу жетістіктерін критериалды бағалау үлгісін толтыруын қадағалау
|
3
|
қараша
|
1 апта
|
2 апта
|
3 апта
|
4 апта
|
|
|
|
|
Оқу бағдарламасының
орындалуын бақылау,жас маманның жоспарының сәйкестігін қадағалау
Жас мамандарға ZOOM арқылы
әдістемелік көмек беру
«Жаратылыстану пәндері бойынша ғылыми жұмыс жазудың ерекшеліктері» Байназарова Маншүк
|
Жас маманның сабағына қатысып әдістемелік көмек беру
Сабақ жоспарын жасау, қысқа мерзімді жоспар жасауда сабақтың қай бөліміне басымдық беру қажет екенін түсіндіру
«Тарих сабақтарындағы зерттеу сұрақтарымен жұмыс жасау» Тілеген Үзілхан
|
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары және
Kundelік,bilimland.kz
порталдарымен жұмыс жүргізу жолдарын талқылау
Жас мамандарға онлайн режимінде психологиялық кеңес, тренинг жүргізу.
Кожакулова Меруерт
|
Кәсіби шебер мұғалім қалыптасуына сынып жетекшісінің ықпалын айқындау
Сынып жетекшісінің құжаттарымен таныстыру
|
4
|
желтоқсан
|
1 апта
|
2 апта
|
3 апта
|
4 апта
|
|
|
|
|
Оқушы мінездемесін жазудың жолдарымен таныстыру
Жас маманның пед.ұжымға тез қалыптасуына,өзін еркін сезінуіне ықпал жасау
«БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» Аймагамбетова Нұршат ZOOM
арқылы қатысып
әдістемелік көмек беру
|
Өз сабағына қорытынды жасай білуге бағыт-бағдар беру
Жас маманды тәлмігер ретінде сабаққа қатыстырып, кері байланыс алу
|
Кәсіби шебер мұғалім қалыптасуына сынып жетекшісінің ықпалын айқындау
Сынып жетекшісінің құжаттарымен танстыру.
Жас маман сабағына
Whatsapр, ZOOM
арқылы қатысып
әдістемелік көмек беру
|
Жас маманға ІІ тоқсандық қорытынды шығару бойынша,жиынтық бағалау қорытындысын жасау,есеп тапсыруға бағыт-бағдар беру Жиынтық бағалауды жинақтау, оқу жетістіктерін критериалды бағалау үлгісін толтыруын қадағалау
|
5
|
Қаңтар
|
1апта
|
2 апта
|
3 апта
|
4 апта
|
|
|
|
|
|
І жарты жылдыққа жас маман жұмысына қорытынды жасау
Оқушымен ортақ тіл табыса білу жолдарын талқылау.Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдай алуды түсіндіру
|
Kundelік,bilimland.kz
порталдарымен жұмыс жүргізу жолдарын талқылау
Тәлімгер ретінде сабаққа қатыстырып кері байланыс алу
|
Жас маманның өзін-өзі дамыту жоспарын талқылап,жұмысын бақылау
Жас маман сабағына ену,әдістемелік көмек беру
|
6
|
ақпан
|
1 апта
|
2 апта
|
3 апта
|
4 апта
|
|
|
|
|
Ашық сабақ дайындауға көмек беру.Сабақтың әр кезеңіне бағыт-бағдар беру
|
Дөңгелек үстел тәлімгерлер «Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбынды әдістемелік көмек беру
|
Әдістемелік көмек беру мақсатында жас маманның сабығына ену, қорытынды жасау
«Жас мамандар арасында көңілді сөре сайысы» Муратова Назира
|
Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолдары тақырыбын талқылау
Жас маманды тәлімгер ретінде сабаққа енгізу
|
7
|
наурыз
|
1 апта
|
2 апта
|
3 апта
|
4 апта
|
|
|
|
|
Семинар «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман»
Ашық сабақ
|
Лицей әкімшілігімен
бірлесе жас маманның ашық сабағына қатысу
Жас маманның пед.ұжымға тез қалыптасуына,өзін еркін сезінуіне ықпал жасау
|
БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын,
қорытынды шығару жолдарын,
бағалау шкаласын талқылау
|
Жас маманға ІІІ тоқсандық қорытынды шығару бойынша,жиынтық бағалау қорытындысын жасау,есеп тапсыруға бағыт-бағдар беру
|
8
|
сәуір
|
1 апта
|
2 апта
|
3 апта
|
4 апта
|
|
|
|
|
«Оқушылардың жеке іс қағаздарымен жұмыс жүргізу ережесімен»таныстыру
|
Сабақ жоспарын дайындау.Сабақты жүргізу барысында,өзін-өзі бағалай білуге баулу,қайталау сабақтарын маңызын түсіндіру
|
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерінің сабақ барысында қолданылуын
қадағалау
|
Тәлімгер ретінде мектеп әкімшілігіне есеп тапсыру
Жас маманның
жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру
|
9
|
мамыр
|
1 апта
|
2 апта
|
3 апта
|
4 апта
|
|
|
|
|
Жас маман бойында берілген тапсырманы дер кезінде орнындау жауапкершілігін қалыптастыру
Мұғалім портфолиосындағы жетістіктер мониторингісін шығару
|
Kundelік,bilimland.kz
порталдарымен жұмыс жүргізу жолдарын талқылап ,жылдық қорытынды шығаруға дайындық жүргізу
|
БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын алып,
қорытынды шығару
Оқушылардың оқу үлгерімін,білім сапасын анықтау
|
Тәлімгер мен тәлім алушының жылдық есебі. презентация
|
Жоспарды жасақтаған: Кыдырова Г.С.
Жыл басында жаңадан келген және бұрынан істеп жүрген жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалып, жоспарлар жасақталды
Қызылтөбе лицейінің 2014-2015 оқу жылындағы жас мамандар мен олардың тәлімгерлері туралы мәлімет
№
|
Жас маманның аты-жөні
|
Білімі
|
Оқытатын пәні
|
Еңбек өтілі
|
Тәлімгері
|
1
|
Қаракулова Феруза
|
Жоғары КМТжИУ
|
География
|
2
|
Байназаров Қ
|
2
|
Муналбаева АқтотыМырзамұратқызы
|
Жоғары КМТжИУ
|
Тарих
|
-
|
Қойбағарова Р
|
3
|
Медетова Айнұр
|
М.Әуезов атындағыы Оңтүстік ҚМУ
|
Тарих
|
|
Қойбағарова Р
|
4
|
Өтебеков Дәурен Қарасайұлы
|
Жоғары КМТжИУ
|
Дене шынықтыру және спорт
|
1
|
Жумагулова Л
|
5
|
Қосымбаев Зейнетулла Досымбетұлы
|
Жоғары КМТжИУ
|
Дене шынықтыру және спорт
|
1
|
Жумагулова Л
|
6
|
Ізбасқанова Бикен
|
Жоғары Қ.Досмағамбетов Атырау Мем Университеті
|
Биология және химия
|
-
|
Ақжігітова Тазахан
|
7
|
Курбанова Элия
|
Жоғары КМТжИУ
|
Орыс тілі және әдебиеті
|
-
|
Қылышниязова
|
8
|
Абдыкадирова Нұрсұлу
|
Жоғары КМТжИУ
|
Математика
|
-
|
Асылбаева Н
|
9
|
Жумабаева Тыныштық
|
Жоғары КМТжИУ
|
Физика
|
-
|
Альбетов Е
|
Аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыс, байқау, конкурстарға мұғалімдердің қатысуы
№ |
Мұғалімнің аты-жөні, тегі
|
Сайыс атауы, өткен уақыты
|
аудан
|
облыс
|
республика
|
1
|
Қосымбаев Зейнетулла
|
"Отаным -ұраным, Жеңіс- жыр әнім" атты ақындар мүшайрасы
|
І
|
І
|
|
|
Қосымбаев Зейнетулла
|
V ұлттық спорт ойындарында үстел теннисі (ерлер арасында)
|
І
|
|
|
2
|
Қосымбаев Зейнетулла
|
«Конституция күніне» арналған үстел тенисі
|
ІІ
|
|
|
|
Өтебеков Дәурен
|
«Конституция күніне» арналған үстел тенисі
|
І
|
|
|
3
|
Өтебеков Дәурен
|
V ұлттық спорт ойындарында үстел теннисі (ерлер арасында)
|
ІІ
|
|
|
4
|
Балташова Айзада
|
«Үздік сынып жетекші»
|
ІІ
|
|
|
5
|
Медетова Айнұр
|
Тарих,құқық пәні
|
ІІІ
|
|
|
6
|
Балымбетова Айгерім
|
Өзін-өзі тану пәні
|
І
|
ІІІ
|
|
7
|
Абдикадирова Нұрсұлу
|
«Математикалық регата», «Пирамида» командасы
|
І
|
|
|
Қызылтөбе лицейінің 2014-2015 оқу жылындағы жас мамандар мен олардың тәлімгерлерімен атқаратын жұмыс жоспары
Айлары
Бөлімдері
|
Тамыз
|
Қыркүйек
|
Қазан
|
Қараша
|
Желтоқсан
|
Жас мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстар
|
Жас мұғалімдердің отырысы «Өткен 2013-2014 оқу жылының есебі және жаңа оқу жылының жоспарын бекіту»
|
Жас мамандарға арналған тренинг (Ұжымға бейімделуі) 25.09. 2014ж
|
Теориялық семинар «Сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігі-тәрбие жүйесін жетілдірудің негізі». Жас маманның психологиялық біліктілігін арттыру, оқушылармен байланысын зерттеу.
|
|
Жас мұғалімдердің отырысы Тақырыбы: «Педагог – психолог қызметіндегі ақпараттық-коммуникациялық технология ролі»
|
Айлары
Бөлімдері
|
Қаңтар
|
Ақпан
|
Наурыз
|
Сәуір
|
Мамыр
|
Жас мұғалімдердің отырысы Тақырыбы: «Оқушылардың шығармашылығын жоба әдісі арқылы дамыту»
|
Семинар Тақырыбы: «Қазіргі заманғы мұғалімнің тұлғасы»
|
Жас мұғалімдердің отырысы Тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы»
|
Жас мұғалімдердің апталығы «Инновациялық технологиялар негізінде оқыту арқылы білім сапасын арттыру»
|
Жас мұғалімдердің отырысы Тақырыбы: «Өткен оқу жылының есебі және жаңа оқу жылының жоспарын талқылау»
|
20.04.-27.04.15 аралығында «Жас мамандар» апталығы жоспарға сәйкес өтті
Апталықтың жоспары құрылып, бекітіліп, дәлізге қабырғаға ілінді. Жоспарланған ашық сабақтар өткізілді. Апталыққа қатысқан 8 мұғалім нәтижелі сабақ көрсетіп, белсенділік танытқаны үшін апталық соңында марапатталды. Апталық барысында 21.04.15ж күні физика пәні мұғалімі Жұмабаева Тыныштық 7а сыныбына «Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты.Иінді таразылар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты сұрақ-жауап, есептер шығару, тест тапсырмасы, дискуциялық карта мен семантикалық карта пайдалану арқылы өткізді. Үйге есептер шығару берілді. 22.04.15күні математика пәні мұғалімі Абдикадирова Нұрсұлу 5ә сыныбына «Қайталау есептері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ ойын түрінде өткізілді. Сергіту сәтімен басталған сабақ тест жұмысын орындау, дәптермен, оқулықпен, тақтамен жұмыс жасаумен аяқталды.Оқушылар сабақ барысында логикалық тапсырмаларды шебер орындай алды. Үйге қайталау есептер шығару мен логикалық есептер құрастыру берілді. 22.04.15 күні география пәні мұғалімі Каракулова Феруза 9 сыныпқа «Оңтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы, көліктік жағдайы» тақырыбында ашық сабақ берді. Сыныпты реттік сандар арқылы үш топқа бөліп үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексерді. Мағынаны ашу кезеңінде «Топтастыру,венн диаграммасы», ал қорытынды бөлімде кластерлеу стратегиясын орындатты. Үйге тапсырма кескін карта мен жұмыс берілді. 22.04.15 күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Қосымбаев Зейнетулла 6 б сыныбына «Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақта спорт секторы рафт тапсырып, сынып дене қыздыру жаттығуларын жасады. Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақта жүгіріп келіп бар салмағыңызбен кеудені алға ұмтылып секіру керек деп түсіндіріп өтті. Сабақ барысында сынып оқушылары бір-бірден кезектесіп ұзындықтан секірді және өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай бекітілген жалпы нормативті орындай алды. Үйге жүгіру, секіру жаттығулары берілді. 23.04.15 күні Муналбаева Ақтоты дүниежүзі тарихы пәні бойынша7а сыныбына «Ұлы географиялық ашулар»тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ СТО технологиясы бойынша өткізілді.Сабақ ұйымдастырудан басталып, «ББҮ, Ти кестесі, Семантикалық және дискуссиялық карта, Сәйкестендіру тестін » орындатумен жалғасты. Сабақ үш жақты әңгімемен қорытындыланды Үйге қосымша деректер жинақтау берілді. 23.04.15 күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Өтебеков Дәуреннің 7а сыныбына «Бір орнында тұрып ұзындыққа секіру»тақырыбында өткізген ашық сабағы ұйымдастырудан басталды. Сынып оқушылары рафт тапсырып, дене қыздыру жаттығуларын, дамытушылық жаттығуларынжасады. Содан соң мұғалім бір орнында тұрып, ұзындыққа секіру ережесін айтып түсіндіріп өтті. Ережеге сүйене отырып, ұлдар (ұлттық норматив-2м, президенттік норматив-2,10м) және қыздар (ұлттық норматив-1,75м, президенттік норматив-1,90м)секірді. Барлық оқушы жалпы ұлттық нормативті орындап өтті.Үйге жүгіру, секіру жаттығуларын қайталау берілді. 24.04.15ж күні химиядан 10а сыныбында Ізбасханова Бикен «Сапалық реакция көмегімен ерітіндідегі иондарды анықтау»тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ зертханалық жұмыс жасау арқылы өтті. Зертханалық жұмыс барысында жұмыстың жүргізілу жолдарын сұрақтар қою арқылы анықтап алды.Қауіпсіздік ережесін айтып сақ болуды ескертті.Оқушылар зертханалық жұмыс жасау кезінде теориялық білімдерін пайдалану арқылы қоспалардың әрекеттесуі мен тұнбалардың түзілуіне көз жеткізе отырып ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтай алды. 24.04.15 күні Курбанова Элия 6ә сыныбына «Правописание не с существительным и прилагательным» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім ережені «Венн диаграммасы»арқылы салыстырып түсіндірді. Жазбаша диктант жаздырып, топта алмастырып тексертті. 1,6-жаттығуларды орындату арқылы дәптермен жұмыс жасатты. Үйге тапсырма 6,8 жаттығулар берілді. Апталықта өткізілген шаралар жоспарға сай ұйымдастырылған. Ашық сабақтарда мұғалімдер сабақтарын өз деңгейінде өтті. Сабақтар жаңа технологиямен жоспарланып, АКТ-ны тиімді қолдану арқылы өткізілді. Оқушылар белсенді қатысты, барлық сабақтар «жақсы» деп бағаланды.
|
"Үздік педагог-2020" төс белгісінің иегері, шебер-педагог, физика пәнінің мұғалімі
Сүлейменова Қарлығаш Амангелдіқызы
Білім үздіктері
11 «б» сынып оқушысы
Ораз Балнұр
11 «ә» сынып оқушысы
Нұрахмет Гүлбану
11 «ә» сынып оқушысы
Бердимұрат Айгерім
11 «а» сынып оқушысы
Оспан Майса
Халықаралық ғылыми жобаның қатысушысы 125 ұпай иегері
Дс |
Сс |
Ср |
Бс |
Жм |
Сн |
Жк |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
|