01/04/2023   Сенбі
"Қызылтөбе лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайтына қош келдіңіздер!!! / Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селосы Уалиханов көшесі №1 / Тел: 8 (7292)46-43-30/ Факс: 8 (7292)46-43-30 / Электрондық почта: kzt_licei1@mail.ru / Мектебімізге қатынауға болатын автобустар: 13 а, 103



astana

 



12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1
12.07.22-1

Дамыту семинары

 

Жаңа ақпараттық технологиялармен сабақ беретін мұғалімдер туралы мәлімет

         Қазіргізаман талабына сай ғылым мен техниканың, білім беру жүйесінің жаңаруына байланысты мұғалім білім берудің жаңа жолдарын қарастыра отырып,жұмыс жасайды. Лицейде де білім сапасын арттыруда әр түрлі ақпараттық технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолданып, жұмыс жасайтын мұғалімдер бар.

         Педагогикалық технологиялардың негізін түсіну, меңгеру, қолдана білу бүгінгі күннің талабы. Сондықтан да мұғалім еңбегінің нәтижесі, жемісі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, түрлендіріп өткізуден айқынырақ көрінеді. Жаңа технологияның түрі көп, соның ішінде «Деңгейлеп оқыту» және «Дамыта оқыту» технологияларын орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Максутова, математика пәні мұғалімдері С.Қодарова, Ш.Жанназарова қолданса, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н.Нургалиева, Г.Аманшаева биология пәні мұғалімдері М. Байназарова, К.Давишева география пәні мұғалімдері Ф.Каракулова, А.Нұрмағанбет химия пәні мұғалімі Ж.Давлетбаева технология пәні мұғалімі К.Садирбаева ән-саз пәні мұғалімі А.Куванчова информатика пәні мұғалімі Г.Елжанова СТО технологиясымен жұмыстанады.

   Физика пәні мұғалімі Е. Альбетов математика пәні мұғалімі Б.Дуйсенбаев «Модульдік оқыту» технологиясын қолданады. Химия пәні мұғалімі Т. Ақжігітова, ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Джубаева, математика пәні мұғалімі Н.Асылбаева «ҮӘЖ» және СТО технологиясын қатар қолданады.

Үшөлшемді әдістемелік жүйенің тиімділігі

  • Қарапайымнан күрделіге қарай ойлауын дамыту.
    • Бойындағы қабілетіне қарай тиісті деңгейіне көтеріліп отырады.
  • Нашар оқитын оқушы дайындалып келуге ұмтылады.
    • Уақыт үнемделеді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Хожабаева, Г.Кыдырова, З.Мамутова «СКТ» технологиясымен жұмыс жасап келеді.

Сатылай кешенді талдау технологиясымен оқытудың тиімділігі

  • Мұғалім: мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетелейді.
    • Оқушы: белсенді субъектіге айналады.
  • Бірлескен ұжымдық әрекет етуге баяндау, проблемалық, ізденушілік, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері артады.
  • Оқушылар бірін – бірі, өзін-өзі бақылау, бағалау, сын, пікір айтуға үйренеді.
  • Комплекс жүйесімен оқытқанда, пәндер бірігіп бір жолмен, бір арнамен ағып, араласып оқытылады.

Тарих және құқық пәні мұғалімдері Ү.Тілеген, А.Муналбаева, Р.Койбагарова, Г.Казтуганова «Тірек сызбамен оқыту» технологиясымен сабақ өтеді.

Физика пәнінің мұғалімдері К.Сулейменова, Т.Жумабаева «Жоба жұмысын ұйымдастыру» технологиясын тиімді қолданады. Ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Балташева информатика пәні мұғалімі А.Еримбетова және педагог-психолог М.Кожакулова ойын элементтерін қолданады.

       Жаңа технологияларды қолданушы педагогтардың кәсіби шеберлігіне байланысты төмендегіше топтарға жіктеледі.

Шебер мұғалімдер:Мамутова Зарухан, Хожабаева Марал,Максутова Рамзия, Ақжігітова Тазахан, Қодарова Самалхан, Альбетов Есиркенгалы, Асылбаева Назгүл, Жанназарова Шымыркүл.

Шығармашыл мұғалімдер: Қыдырова Ғалия, Қойбағарова Роза, Тілеген Үзілхан, Сүлейменова Қарлығаш, Садирбаева Қарлығаш, Байназарова Маншүк, Куванчова Анар, Аманшаева Гулсим,Куваншова Анаргүл.

Жаңашыл мұғалімдер: Балташова Айзада, Сәрсенбаева Күлаш, Давишева Калжан, Джувбаева Алия, Дуйсенбаев Бахытжан,Елжанова Гулназ.

Ізденуші мұғалімдер:Жумабаева Тыныштық, Нурмағамбет Ақмарал, Каракулова Феруза, Муналбаева Ақтоты, Жумагулова Лола, Кожакулова Меруерт.

Үйренуші мұғалімдер:Нургалиева Нуржамал, Еримбетова Акзат, Давлетбаева Жамиля,Өтебеков Дәурен, Қосымбаев Зейнетулла, Кыдыров Жәкен, Сарсенбаев Кайрат.

 

Пән бірлестік  жетекшілерінің құрамы


р/с

     Аты-жөні

                     Лауазымы

         Мамандығы

1

Хожабаева Марал

Гуманитарлық пәндер бірлестік жетекшісі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

2

Жанназарова Шымыркуль

Математика пәндер бірлестік жетекшісі

Математика пәні мұғалімі

3

Ақжігітова Тазахан

Жаратылыстану пәндер бірлестік жетекшісі

Химия пәні мұғалімі

4

Қойбағарова Роза

Қоғамдық пәндер бірлестік жетекшісі

Тарих пәні мұғалімі

5

Куванчова Анар

Этетикалық пәндер бірлестік жетекшісі

Музыка пәні мұғалімі

6

Асылбаева Назгүл

Деңгейлік курсты бітірген мұғалімдердің бірлестік жетекшісі

Математика пәні мұғалімі

Лицейде әдістемелік кеңестің 3 шығармашылық тобы құрылды. 
 
“Аманат” жас мұғалімдер  мектебі
“Ұлағат” озат тәжірибе мектебі
“Жаңашыл” шығармашылық топ жетекшілері мен топ мүшелері:
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының жетекшісі Давишева Қалжан
Сатылай кешенді талдау технологиясының жетекшісі  Дәрменова Гүлбаршын
Үшөлшемді  әдістемелік жүйе технологиясының жетекшісі  Асылбаева Назгүл

2018-2019 о/ж Қызылтөбе лицейінде  20-25 қазан аралығында өткен «Нәтижеге  бағытталған мектеп» инновациялық  педагогикалық  технологиялар тақырыбында атты жаңа технологиямен жұмыс жасайтын мұғалімдер апталығының ақпарламасы
Апталықтың мақсаты: Жаңа педагогикалық технологияларды сабақ үрдісіне қолдану нәтижесінде білім сапасын арттыру, мұғалімдердің шығармашылық ортасын қалыптастыру және кәсіптік шеберлігін шыңдау.
Апталықтың іс-шара жоспары жасақталып, бекітілді. Жоспарланған ашық сабақтар болды. Жаңа технология апталығында СТО, ҮӘЖ педагогикалық технологияларды пайдаланып сабақ өткізді. 20 қазан күні Н.Асылбаева   11 «А»-сыныбына 3-сабақта «n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері тақырыбына есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа 8 мұғалім қатысты. Мұғалім білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау кезеңдеріне  сәйкес тапсырмалар құрастырып келген. Оқушылар сабаққа жақсы қатысты. Деңгейлеп оқыту барысында оқушылардың белсеніділігін, тапсырмалардың орынды пайдаланғандығын, оқулықпен байланыстың  болғандығын атап өтті. ҮӘЖ технологиясының жаңа тақырыпты ашуда жүйелі білім беруге көмегі зор екенін химия пәнінің мұғалімі Т.Ақжігітова сөз етті. Сабақты «жақсы» деп бағалады.
22 қазан күні Г.Дәрменова 9 «А»-сыныбына 1-сабақта «Біржан мен Сара» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты мұғалім СТО педтехнологиясы бойынша өтті. Сабақта мұғалім INSERT, топтастыру, Венн диаграммасы, бес жолды өлең стратегиясын пайдаланды. Оқушылардың сабаққа белсенділігі, мұғалімнің сабақ өту шеберлігі барлығы өзі орнымен қолданылды. Лицей директоры К. Тобышова сабақтың жақсы өткенін, бірақ оқушылар әдеби тілде сөйлемегендігін, «Сал» сөзінің мағынасы айтылмай қалғандығын айтты.  Сабақ «жақсы» деп бағаланды. 23 қазан күні А. Куванчова 5 «А»-сыныбына 6-сабақта «Базар жыраудың мұрасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты мұғалім СТО технологиясымен жүргізді. Мұғалім оқушыларды І топ «Күйші», ІІ топ «Әнші», ІІІ топ «Жыршы»3 топқа бөлді. Базар жыраудың «Әр нәрсенің парқы бар» термесін үйретті. Сабақта мұғалім топтастыру, Венн диаграмасы, Бес жолды өлең стратегияларын қолданды. Смайлик бойынша оқушыларды бағалап отырды. Мұғалімнің оқушыларды марапаттауы аз болды. Сабақ «жақсы» өтті деп бағаланды.
24қазан күні биология пәнінің мұғалімі М. Байназарова 10«Ә»-сыныбына «Цитоплазма органоидтары ЭПТ, митахондрия Голдьжи жиынтығы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ұйымдастыру кезеңінде органоидттар бойынша топқа бөлінді. Ортадағы қаламсап стратегиясы бойынша үй тапсырмасы сұралды. Қызығушылықты ояту мақсатында ортақ сұрақ қойылды. Барлық жасушалар үшін жасушаның қандай бөліктері болу міндетті? Топтастыру, кластер, Венн диаграммасы стратегиясы қолданылды. Мұғалім жасуша туралы қызық деректер айтты.Оқушылардан кері байланыс алынды.
12 қараша күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі К.Сарсенбаева 9-сыныпқа «Primary,secondary schools» тақырыбында ашық сабақ өтті.Ұйымдастыру сәтінде оқушыларды мектеп атаулары бойынша топқа бөлді. (Жеке меншік, грамматикалық, бастауыш мектеп) Үй жұмысын ортадағы қаламсап стратегиясы арқылы сұрады. Оқушылар өз ойларын ауызша айтты. Миға шабуылда суреттер бойынша өз ойларын айтты. Тізбектеп жазу стратегиясы бойынша жаңа сөздерді жазды. Мәтінді оқығаннан кейін ББҮ стратегиясы жасалды. Семантикалық карта стратегиясын қолданды. Бағалау парақшасын БЛУМ таксономиясы негізінде жасаған. Сабақ соңында кері байланыс алынды және оқушылар бірін –бірі бағалады.Сабақ «жақсы» өтті деп бағаланды.
22 қазан күні А. Муналбаева 7«А»-сыныбына «Жетісудағы Қарақытайлар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа 7 мұғалім қатысты. Сабақты мұғалім СТО педтехнологиясы бойынша өтті. Дискуссиялық карта, ішке және сыртқы, Венн диаграмасы стратегияларын сабақта қолданды. Венн диаграмасы дұрыс қолданылмады деген ұсыныс айтылды.Сабақ қызықты, оқушылардың сабаққа деген талпынысы жақсы. Сабақ жақсы деп бағаланды. 24 күні Р.Қойбағарова 6 «Б»-сыныпқа «Энеолит дәуіріндегі еңбек құралдарын жетілдіру қоғамдық еңбек бөлінісі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ти кестесі мыстың артықшылығы және мыстың кемшілігі. Дискуссиялық карта, Венн диаграммасы страгияларын пайдаланды. Үйге эссе жазу тапсырмасы берілді. Сабақ «жақсы» өтті деп бағаланды.
25 қазан күні А. Балташева 8 «Ә»-сыныпқа «Mobile phone» тақырыбында ашық сабақ өтті. «Ортадағы қаламсап», «Кубизм», «Дискуссиялық карта» стратегияларын қолданды. Сынып оқушылары әріптер арқылы топқа бөлді. Слайд бойынша ұялы телефонды кім ойлап тапқандығы, телефонның артықшылығы мен кемшілігін толық түсіндірді. Сабақ «жақсы» өтті деп бағаланды.Апталықтың қорытындысы «Жақсы» деңгейде өтті деп бағаланды.